Қоғам • 25 Желтоқсан, 2025
Ұжымдық тұзақ: TikTok пен Instagram-нан неге шыға алмай жүрміз?
Жаңа жыл қарсаңында әдеттегідей «жаңа өмір бастаймын» деп серт беретіндер көбейеді. Соның ішінде ең танымал уәде – әлеуметтік желіні азайту. Бір сәтке кідіріп, «осының бәрі маған не беріп жүр?» деп ойланған адам аз. Ал ойланып көргендердің көбі ішінен: «Пайдасынан зияны басым-ау» деп түйетіні жасырын емес. Алайда бұл платформалар адамның субъективті әл-ауқатына нақты қандай әсер етеді деген сұрақ әлі де ашық күйінде қалып отыр. Осы мәселені зерттеу мақсатында Л. Бурштын, Б. Хандель, Р. Хименес-Дуран және К. Рот әлеуметтік желілерді қолданудың пайдасы мен зиянын бағалауға бағытталған эксперимент жүргізді. Белсенді қолданушылардың едәуір бөлігі әлеуметтік желілерді өз өмірі үшін теріс құбылыс деп бағалай отырып, соған қарамастан, олардан қол үзбейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2025
Ұлттық ұланда Бауыржан есімді 249 әскери қызметші бар
Биыл аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл. Қазір Ұлттық ұлан қатарында Бауыржан есімді 249 әскери қызметші Отан алдындағы борышын өтеп жүр. Бұл есім еліміздің тарихында да, әскери дәстүрде де ерліктің, ар-намыстың, сондай-ақ Отанға қалтқысыз қызмет етудің нышанына айналған.
Қаржы • 25 Желтоқсан, 2025
Жаңа Салық кодексі күшіне енсе оқу ақысы қымбаттауы мүмкін бе?
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова Сенатта өткен брифинг барысында жаңа Салық кодексі жоғары оқу орындарындағы білім беру құнына әсер ете ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды аралап көреді, экономиканың түрлі секторындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысады, сондай-ақ облыс жұртшылығымен кездеседі, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 25 Желтоқсан, 2025
Ұлан сарбаздары елордалықтарға мерекелік сый жасады
Жаңа жыл қарсаңында Ұлттық ұланның әскери қызметшілері «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында елорда тұрғындары мен қонақтарына ерекше музыкалық сый жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.