Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20778 материал табылды

Қоғам • 20 Мамыр, 2020

Баспаналы болу жеңілдеп келеді

Әлемді әлекке салған індет соңғы екі айда біздің елдің тұрғындарын да есеңгіретіп тастағаны рас. Халық төтенше жағдай режімін де көрді. Көнді. Аллаға шүкіршілік, енді төтенше жағдай режімі аяқталды. Бірақ карантин жалғасуда. Бұл нені аңғартады? Бұл індеттің беті әлі қайтпағанын, сақтық шараларының әлі де қажет екенін білдіреді.

Саясат • 20 Мамыр, 2020

Халық пікірін ескеретін тиімді жоба ұсынылды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі әрбір азаматқа мемлекеттік қызметтерді жетілдіруге және қолжетімді цифрлы мемлекетті құруға өз үлесін қосуға мүмкіндік беретін «Тыңдау» бірегей жобасын іске қосты.

Руханият • 20 Мамыр, 2020

Рамазан - махаббатыңды дәлелдейтін ай

Рамазан – рухани тәрбие айы, Аллаға деген махаббатыңды дәлелдейтін сәт. Алланың разылығын алуға адамның бүкіл ғұмыры жетпеуі мүмкін. Алайда мүмін өзінің өлшеулі өмірінің сәті келген кезінде шын ниетпен кішкентай амал жасап, Алланы риза етіп жіберуі әбден мүмкін. Сондай сәттің бірі – ораза...

Абай • 20 Мамыр, 2020

Дулат Иcабеков: Пушкин, Абай және басқалар

(Соңы. Басы 95-нөмірде) Ресей статистикалық орталығының мәліметі бойынша, 1917 жылғы револю­цияға дейін Ресей халқының 87 пайызы сауатсыз болған екен. Ал Пушкин заманында хат танитын адамдардың өзі санаулы болған, тіпті, «Евгений Онегин» романындағы (кейде оны поэма деп атайды) Татьянаның өзі орысша хат жаза алмайды емес пе? Оқиын, білейін, оянайын деп әрекет етпейтін надандар мен тоғышарларға жаны күйген Пушкин: «Паситесь, русские народы, Для вас не внятен слова чести, Не нужны вам дары свободы, – Вас надо резать – или стрич!» – деп ашу-ызаға толы қатал үкім айтқан өлең жолдарын жазып еді. Өз халқыңды соқыр сезіммен сүйе берудің халыққа да, өзіңе де пайдасы жоқ, халқыңды шын сүйсең алдымен оның кемшілігін көріп ал, «мал сияқты жайыла беріңдер!» деп Пушкин күйінгендей, оның бейғамдығы мен бар кемшілігін бетіне басып айта біл. Құр мақтаудан гөрі айыбын ашып айтқан адам ғана халқына пайдалы. Жидебайда жатқан Абай да өзінің 41-сөзін­де надандық һәм бойкүйездікпен күре­су­дің амалын таппай шарасыздық халге түседі. «Бұ қазақты ақылменен, не жерлеп, не сырлап айтқанменен еш нәр­сеге көндіру мүмкін емес. Етінен өткен, сүйегіне жеткен, атадан мирас алған, ананың сүтіменен біткен надандық әлдеқашан адамшылықтан кетірген. Өздерінің ырбаңы бар ма, пыш-пышы бар ма – сонысынан дүниеде ешбір қызықты нәрсе бар деп ойламайды, ойласа да бұрыла алмайды, сөз айтсаң түгел тыңдап тұра алмайды, не көңілі, не көзі алаңдап тұрады. Енді не қылдық, не болдық!» – деп халқын қараңғылықтан шығарудың жолын таппай, Пушкиннен де артық қиналды.  

Руханият • 20 Мамыр, 2020

«Ауыл – ел бесігі» Ауданда қызу қолдау тапты

Қазіргі кезде еліміздің шалғай аудандары мен ірі елді мекендерінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында өрелі өзгерістер болып жатқанын ешкім де жоққа шығара алмайды. Әйтсе де «көрмес –түйені де көрмес» дегендей, мұндай өміршең жобалар мен ауқымды істерді көргісі, елегісі келмейтін адамдар да жоқ емес.

Саясат • 20 Мамыр, 2020

«Отандық экономикаға сенімді қадам керек» - маман

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында елдің дамуы туралы нақты бағыттарды анықтап берді.

Руханият • 20 Мамыр, 2020

Есенберлин ұлтшылдық жаласына ілігуден қорықпады

Тарихи тақырыпта тыңнан түрен салған көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» және «Алтын Орда» трилогиялары – ел тарихын көркемдікпен түгендеудің үлгісі. Жазушының «Көшпенділер» трилогиясынан кейін «Алтын Орда» трилогиясын жазуы, оның қазақтың халық болып, Қазақстанның мемлекет болып қалыптасуын көркем туынды арқылы жан-жақты бейнелеуге ұмтылғанын байқатады. Жазушының екі трилогияға жеті ғасырлық тарихтың елеулі оқиғаларын сыйғыза білуі, оның тарих бедеріндегі маңызды әрі басты көріністерді дөп баса білгенін көрсетеді. Оның тарихи туындылары қазақ тарихындағы елеулі кезеңдерді бейнелеген құнды туындылар.

Әдебиет • 20 Мамыр, 2020

Суреткердің серті мен дерті

1850 жылы 18 тамызда Парижде атақты Оноре де Бальзак дүние салды. Күні кеше ғана әр шығармасының жарық көруін сағына күтіп, тағдырлы туындылары ең жақын сырласы, нағыз досына айналған оқырмандар үшін қабырғалы қаламгердің қазасы орны толмас ауыр қайғы болды.

Руханият • 20 Мамыр, 2020

Ескерусіз жүрген таптырмас мамандандық

Бүгінде мұрап дегеніңіз елеу­сіздеу кәсіп көрін­ген­мен, егін шаруашылығы са­ласында таптырмас ма­манға айналып тұр. Өйт­ке­ні егістіктен мол өнім алу – сол мұрап тарапынан таны­тылар ерекше бап пен күтім арқылы ғана мүмкін болмақ.

Руханият • 20 Мамыр, 2020

Оңдасын Елубай - қаламын еркін сермеген журналист

Спорт! Осынау жалғыз ауыз сөздің аясы өте кең. Құдіреті де, ғажайып өнердің қиял құшағы жетпейтін, сыр-сипатын әйгілі спорт тамыршысы, сайыпқыран суреткер қаламгер Сейдахмет Бердіқұлов «Арбаған мені бір сиқыр» деп тамаша бедерлеп, бейнелеген ғой. Ақиқатын айту керек, спорт тылсымын сөз зергері, сүйікті ұстаз Сейдағаңдай жеріне жеткізіп, жілігін шағып, майын тамызып, мөлдіретіп тербеген нағыз алаугер журналист, жанкешті жазушы некен-саяқ. Әй қайдам, жоқтың қасы десек те болар еді. Сөйтсе де ауызды қу шөппен сүртпелік. Спорт тақырыбын тереңнен қаузап, жан-жақты зерттеп, ұңғыл-шұңғылын қопарып жазып жүрген спорт журналистерінің қатарын тізсек , екі қолымыздың саусақтарын санамаласақ та толтыра алмаймыз. Тағы да қайта қинала ескертеміз, спорт тақырыбының білгірлері тым аз.