Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20815 материал табылды

Әлем • 21 Мамыр, 2020

АҚШ-тың федералды соты Храпуновтарға қарсы шешім шығарды

2020 жылғы 20 мамырда Нью-Йорктың оңтүстік округі бойынша АҚШ округктік соты Ильяс пен Виктор Храпуновтарға қарсы шешім шығарды. Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тағайындау • 21 Мамыр, 2020

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жазылбек Ұлан Еркінұлы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 21 Мамыр, 2020

Сенаторлар саяси партияларды құру үшін тіркеуді жеңілдететін заң қабылдады (видео)

Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы болды. Ең алдымен, сенаторлар Президенттің ұсынуы негізінде және Конституцияға, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Бауыржан Тұрсынұлы Жұмағұлов пен Асқар Спартакұлы Смайыловты басқа қызметке тағайындалуына байланысты Жоғарғы Соттың судьясы қызметтерінен босатты. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Абай • 21 Мамыр, 2020

Абайдың «Ақтолқын» күйі

Ұлы Абайдың осы уақытқа дейін бізге жеткен «Май түні», «Майда қоңыр», «Торы жорға», «Абайдың желдірмесі» қатарлы төрт күйі бар. «Май түні», «Торы жорға» күйлерін жазушы, журналист Шығыс Қазақстандық Ғайса Сармурзиннің (1904-1987) орындауында, күйші-зерттеуші, ғалым Уәли Бекенов 1983 жылы жазып алып, нотаға түсірген (М. Әбуғазы Шығыстың шыңырау күйлері. – Өскемен: 2009. – 303 б.). Ал Абайдың «Майда қоңыр» күйі Шығыс Қазақстанның Шұбартау өңірінен шыққан атақты күйші Жүнісбай Стамбаевтың орындауында 1965 жылы жазылып алынып бізге жетті (Таласбек Әсемқұлов. Талтүс. СД күйлер жинағы. СД 3. 2015. Otuken.kz.). Біз де бала күнімізден ел арасындағы күйшілерден Абайдың атымен аталатын күйлерді естіп өстік.

Президент • 21 Мамыр, 2020

Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter парақшасында жазды.

Қазақстан • 21 Мамыр, 2020

1,3 млн қазақстандық «Birgemiz» қорынан көмек алды (видео)

Елбасының тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы және Тұңғыш Президент Қорының қолдауымен «Birgemiz» қоры мұқтаж қазақстандықтарға атаулы көмек көрсетуді жалғастыруда. Бүгінге дейін 200 мыңнан астам отбасы азық-түлік себеттері мен бірінші кезекте қажетті тауарлар алды. 362 мың отбасына 50 000 теңгеден төленіп, бұл жалпы 1,3 млн астам қазақстандықты қамтыды. Жүргізіліп жатқан жұмыстың аралық нәтижелері туралы бейнероликті «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Үкімет • 21 Мамыр, 2020

Елорда барлық өңірге үлгі болуы тиіс - Асқар Мамин

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Нұр-Сұлтан қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 21 Мамыр, 2020

Цифрлық жүйе полиция қызметін жеңілдетпек - министр

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Facebook парақшасында жазды. 

Қазақстан • 21 Мамыр, 2020

Фермелер кредит алу үшін кепілдікке қоятын заты қалай бағаланады?

Ауыл шаруашылығы министрлігі кепілзаттық саясатты қайта қарады: енді фермерлерді несиелеу бойынша кепілдіктер жоғары деңгейде бағаланады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров ауылшаруашылық бизнесті қаржыландыруға арналған бейнеконференция барысында айтты. 

Қазақстан • 21 Мамыр, 2020

Еlicense.kz порталы арқылы инвестициялық келісімшарт жасалды

Мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматқа көшіру бойынша ауқымды жұмыс шеңберінде «инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу» мемлекеттік қызметі онлайн форматқа ауыстырылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.