Саясат • 28 Шілде, 2021

Әділ де бәсекеге толы күрес

248 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан саяси реформалар аясында тұңғыш рет өткізілген ауыл әкімдерін сайлау қоғамда зор қызығушылық туғызды.

Әділ де бәсекеге толы күрес

Осыған орай, «Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының өкілдері 25 шілдеде өткен саяси іс-шараға тұңғыш рет байқаушы болып, ерекше ынта-ықыласпен қатысты. Ауыл әкім­дерін тікелей сайлайтын, қоғамды демо­кратияландыруға бас­тай­тын бұл сайлаудың маңызы үл­кен екендігін ескере отырып, біз сай­лау басталардан бір ай бұрын жан-жақты дайындық жұ­мысын бастадық. Сайлау­ға қа­ты­сатын байқаушыларды ар­н­айы курстан өткізіп, заң та­лап­тарын түсіндірдік. Бұл семинарларға бұ­рынғы тәжі­ри­белі байқаушылар да қа­тысып, өз ой­ларымен бөлісті. Со­ны­мен қатар байқаушы кодексі әзір­ленді, онда бай­қаудың негізгі қа­ғи­даттары қамтылды: ашық пікір біл­діру, яғни кандидаттардың немесе сая­си пар­тияның ешқайсысына ар­тық­шы­лық бермеу, барлық заң бұзу­шы­лық­тарды тиянақтау, бұл рет­те сай­лау ко­мис­сиясына және сай­лау про­цесі­нің басқа да қаты­су­­шы­­ларына кедергі жасамау ескертілді.

Алдын ала 278 стационарлық бай­қаушы мен 100 мобильді бай­қаушыны даярладық. Оларға «Байқаушы кодексінің» қағи­даттары түсіндірілді. Сөйтіп, байқау­шылар облыстың әр айма­ғын­дағы 79 сайлау бөлімшесінде өз жұмысын адал атқарды.

Айта кетейік, біз бұл саяси науқанға тәуелсіз бақылаушы ретінде қатысқан облыстық Аза­маттық альянс заңды тұлғалар қауым­дастығы мүшелерімен бірге ат­салыстық. Олар да әкім­дер сай­лауының заңдылығын бақы­лау үшін 158 еріктіге жолдама беріп, оқу-әдістемелік материал­дармен қамтамасыз еткен болатын.

Сайлау барлық ауылда бел­сенді жүрді. Әр тұрғын өз кан­ди­­датурасы үшін дауыс беруге мүм­кіндік алды. Сайлау­шы­лар­дың 81,3 пайызы да­уыс беру құ­қығын пайдаланды, бұл – жо­ғары көрсеткіш. Сайлау заң бұзу­шылықтары байқалған жоқ, ашық, шынайы, демократия­лы түрде өтті. Ауыл болашағы – ел­дің болашағы. Сондықтан біз ба­сынан соңына дейін бұл нау­қан­­ды жіті бақыладық. Ең соң­­ғы санау жұмысына да белсене қа­­­тыс­тық. Бәрі әділ өтті. Өңірде­гі, алыс ауыл­­дардағы әрбір бай­қау­­шы­­­мыз­­­бен ақпарат алысып, жұмыс істе­дік.

Сайлау әділ және бәсекелі кү­ресте өтті және жер­гілікті халықтың үлкен қызы­­ғу­шылығын тудырды. Еліміз демо­кратиялық даму жолымен алға тағы бір нық қадам жасағаны анық.

 

Мұхтар ДӘУЛЕТЖАНОВ,

«Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы

 

Батыс Қазақстан облысы