Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті қылмысты жалғыз өзі жасаған, үшінші тұлғалардың қатысы жоқ. Сот-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша Сұлтан Сарсемалиев есі дұрыс деп танылып, өз әрекеттері үшін жауап бере алатыны анықталған.
Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: Күдіктіні ұстау сәтінен фото-видео жарияланды
Атырау облысы прокуратурасы өкілінің айтуынша, қаза тапқандардың денесінен ас пышағымен салынған бірнеше пышақ жарақаты табылған.
«Әрбір жәбірленушінің кеуде, мойын және өмірлік маңызды мүшелер тұсынан алтыдан астам жарақат салынған», делінген мәліметте.
Ал Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты сот-психиатриялық сараптама қорытындысы әлі толық дайын емес. Оның психикалық жағдайын нақты анықтау үшін Алматы қаласында қайта сараптама тағайындалған.
Қаза болғандардың туыстары істің ашық сотта қаралуын талап етіп отыр. Олардың айтуынша, сот барысында барлық мән-жай толық айтылуы тиіс.
Қылмыстық іс алдағы мамыр айында сотқа жолдануы мүмкін. Тергеу жалғасып жатыр.