Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, қазір өңірде жасы 100-ге келген үш ардагер тұрады. Олардың қатарында 1925 жылы туған Қасымхан Алдабергенов пен Михаил Подоляков және 1926 жылы туған Ділдәбек Нұрышев бар.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша елде 76 059 ардагер тұрады. Жыл басынан бері оларға жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеге мемлекеттік жәрдемақы төленген.
Референдумға Ұлы Отан соғысының ардагерлері де қатысып жатыр
Айта кетейік, биыл да елімізде Жеңіс парады өтпейді. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оның орнына басқа да әскери-патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылады.