Бюджет • Бүгін, 12:30

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде сақтап қалды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 18 пайыз деңгейінде сақтап қалды. Осылайша бұл көрсеткіш өткен жылдың қазан айынан бері өзгеріссіз қалып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде сақтап қалды

Ұлттық банк биыл 6 наурызда да базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде қалдырған еді.

«Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 18 пайыз деңгейінде белгіледі. Пайыздық дәліз +/- 1,0 п.т. құрады», делінген хабарламада.

Ипотекалық нарық кеңейтілді: Коммерциялық банктер жаңа жүйеге қосылды

Айта кетейік, базалық мөлшерлеме экономикадағы несие, депозит және ақша құнының «бағыт беруші бағасы» факторы ретінде қызмет атқарады. Бұған дейін елдің бас банкирі Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлемені бекіту үшін жанар-жағармай бағасы, коммуналдық тариф құны қалай өскенін, сондай-ақ бизнестің жаңа салық өзгерістеріне қалай бейімделетінін байқайтынын атап өткен болатын. 

Енді борышкерлердің банк шоттары толық бұғатталмайды

Осыған дейін Halyk Finance сарапшылары да Ұлттық банк мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырады деп болжаған еді. Мамандардың пайымдауынша, инфляцияның баяулауы әлі де тұрақсыз. Сондықтан маусым айындағы шешім де қазіргі көрсеткіштен ауытқымауы ықтимал. 

Соңғы жаңалықтар

Жошының жорығы мен жосығы

Мирас • Бүгін, 12:55