Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21651 материал табылды

Оқиға • 30 Шілде, 2020

Хат қоржын (30.07.2020)

..қолдау білдіреді Тіліміздің абыройын арттырайық Тіл – ұлттың ең басты байлығы, тәуелсіздігіміздің тұмары, азаттығымыздың айғағы. Бұл ретте, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында мемлекеттік тілдің дамуы мен келешегі жөнінде айтқан пікірлері үлкен маңызға ие. Мемлекет басшысы бұл кезеңді аз сөйлеп, көп іс тындыратын шақ екенін ескерте отырып, тілдің мерей-мәртебесін арттыратын төрт қадамды белгіледі.

Руханият • 30 Шілде, 2020

Дін – адам рухын қалыптастыратын діңгек!

Барша мұсылман үшін басты міндет – дінімізді ұстану, ислам құндылықтарын дәріптеу. Бізді қиямет қайым көпірінен құтқаратын амал тек қана Алла алдындағы парыздарымызды орындау екені анық. Алла Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) арқылы бізге Құранды жеткізді, мұсылман дінінің негізгі ұстанымдары айқындалды. Оған ешқандай күмән келтіруге құқымыз жоқ. Біз мұсылман болғандығымызды мақтан тұтамыз.

Оқиға • 30 Шілде, 2020

Абай мұражайының бас шырақшысы

Бір жылдың төлі болып саналатын құрдасы Әлихан бастаған Алаш арыс­тарының бірден-бір тілектес, ниеттесі болған әкесі Мұхамедхан ұсталып кеткен соң институттан қуылған Қайымның ендігі жалғыз қамқоршысы Мұхтар Әуезов болды. Жақсы ағаның ақыл-кеңесімен ол студент кезінің өзінде ғы­лыми тұрғыдағы оннан астам зерттеу ең­бегін жазып үлгерді. Мұның сыртында өлең жазып, аудармамен де айналысты. Соның нәтижесінде жасы жиырманың ортасына келмей жатып, республика Жазушылар одағының мүшелігіне өтіп үлгерген.

Экономика • 30 Шілде, 2020

Ата кәсіп оңалмай, ауыл көші түзелмейді

Ауыл шаруашылығы саласы кез келген елдің азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыруда ерекше маңызға ие. Осыдан да болар, Президент Қ.Тоқаев халыққа Жолдауында ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану негізінде мал шаруашылығын дамытудың кешенді бағдарламасын жасау қажеттігін айтқан болатын.

Руханият • 30 Шілде, 2020

Құрбан айт құтты болсын!

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын! Қадірлі қауым! Баршаңызды күллі исі мұсылман баласы асыға күтетін ұлық мейрам – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын! Айттарыңыз қабыл болсын! Сіздерге Алладан амандық, мықты денсаулық, мол ырыс пен бақ-береке тілеймін!

Медицина • 29 Шілде, 2020

Пандемияны сақтықпен және сабырмен жеңеміз - Бауыржан Рақышев

Жаһанды жаулаған пандемия адамзаттың өмірін бір мезетте күрт өзгертіп, қарусыз жаумен бірге соғысуға мәжбүр етті. Алғы шепте – дәрігерлер. Қызыл жолақтың үстімен күн сайын ары-бері өтіп, қауіп-қатермен бетпе-бет күресіп жүрген медицина саласының мамандары халықты әрі сақтыққа, әрі сабырға шақырады. Осы орайда "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының өткен жылғы жеңімпазы, А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Рақышевта пандемия кезінде халыққа кеңес беруді азаматтық міндеті санайды.

Пікір • 29 Шілде, 2020

Шектеу мен тыйым – баршамыздың мүддеміз

Әлемді алқымынан қысқан коронавирус пандемиясының құрсауында отырғанда амалсыз өткен замандағы осыған ұқсас індет жайлаған шақ және онымен күрес көз ал­ды­мыз­ға келеді. Денсаулық сақтау халық комис­са­риа­ты­ның 1924 жылғы мамырдың 24-дегі бұйрығымен алқа мүшесі Халел Досмұхамедұлы оба індетіне қарсы күресу Орталық комис­сиясының төрағалығына тағайындалған.

Экономика • 29 Шілде, 2020

Қандыағаш – Мақат жолы ашылады

Қазақстанның батысында екі өңірді байланыстыратын республикалық маңызы бар негізгі жолдардың бірін қайта жаңарту жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.

Руханият • 29 Шілде, 2020

«Таласа ағып Таласпенен, құйылса екен өлеңім...»

Қарағандының Бейбітшілік гүлзарында бала Пушкиннің ескерткіші тұр. Мен оны 1967 жылы көргенде, он жеті жастағы бозбаламын, ол әппақ мәрмардан жасалған еді. Кейінде оны қап-қара ғып бояп тастапты... Қазір маған сонысы ұнамайды. Алғашқы қалпы бұдан гөрі поэтикалық бояуға толы, бұдан гөрі әдемі еді ғой? Қасына күнде келіп, таңғажайып қиялға батушы едім...

Таным • 29 Шілде, 2020

Келлер жазбасындағы деректер

Өлке тарихындағы біз білмейтін ақтаң­дақтардың ақиқаты Ұлы дала­мызға қадам басқан әр зерттеуші мен саяхатшының еңбектерінен көрініс табады. 1928 жы­лы Мәскеу қала­сында белгілі биолог, академик Борис Келлердің «Орал қаласынан Индер тауына дейін» атты еңбегі жарық көреді. Таралымы – 10000 дананы құ­раған. Зерттеуші Келлер бұл еңбегінде біздің өлкеміздің тарихына қатысты ауқымды деректерді баяндайды.