Қоғам • 01 Тамыз, 2021
Ардана Ботай – экипаж командирі
Аға лейтенант Ардана Ботай Су-30СМ көпфункционалды жойғышының экипаж командирі ретінде алғашқы жеке ұшуын орындады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Таным • 01 Тамыз, 2021
Сәден қария әңгімешіл кісі еді. Иегін бір сипап қойып сөзін қоздатқанда жаның жылып, амалсыз иіріліп отыра бересің. Қазір де бір қызықты оқиғаны баян етпек сыңайда. Емеурінін аңғарған соң, ағаш түбін қопсытып, арық тазалап жүрген кетпен-күректерімізді жан-жағымызға тастай салып, айнала жайғаса кеттік.
Саясат • 30 Шілде, 2021
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік инспекторлар жалпы сомасы 92 млн теңгеден асатын айыппұл салды.
Саясат • 30 Шілде, 2021
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне арналған кеңесіне қатысып, сирек кездесетін жануарларды қорғауға және сақтауға арналған «ШЫҰ экожүйелік цифрлы картасын» әзірлеуді ұсынды.
Саясат • 30 Шілде, 2021
Кеңестің үйлестіру комитетінің отырысы өтті
Ыстанбұлда Түркі кеңесі БАҚ жөніндегі үйлестіру комитетінің отырысы және әлеуметтік желілерде жұмыс істеу бойынша оқыту бағдарламасының бірінші күні өтті.
Қоғам • 29 Шілде, 2021
Атыраудағы Ту неге жиі түсіріледі?
Сүйінбай Аронұлы «Бөрілі менің байрағым. Бөрілі байрақ көтерсе, Қозып кетер қайдағым» деп жырлаған. Алты алаштың Абылайдың ақ туының астына біріккенін де білеміз. Одан беріде Сұлтанмахмұт Торайғыров: «Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз», деп ұрандатқан. Ел тәуелсіздігінің символы ретінде танылатын Мемлекеттік рәміздердің бірі – Мемлекеттік Туымызды ерекше қастерлеуге тиіспіз.
Саясат • 29 Шілде, 2021
Өзекті мәселелер – депутаттар назарында
Сенатор Ғұмар Дүйсембаев Атырау облысына сапары аясында өңірді ет-сүт өнімдерімен қамтамасыз етуге маманданған Қызылқоға ауданында болды, деп хабарлады жоғарғы Палатаның баспасөз қызметі.
Қоғам • 28 Шілде, 2021
Бүгінде қоғам алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі – адамдардың кітап оқудан қалып бара жатқаны. Оған түрлі себеп-сылтаулар айтылады. Уақыттың тапшылығы, өмір сүрудің қиындап бара жатқаны, ең соңында қолдағы телефонға, яғни әлеуметтік желілерге деген тәуелділік кітап ұстауға мұрша бермейді-міс. Зиялы қауым өкілдері (оның ішінде мұғалімдер қауымы) газет-журнал көрсе бөжей кездестіргендей тітіркенеді екен. Шындығында солай ма? Адамзат кітаптан жеріп отыр ма?
Сұхбат • 28 Шілде, 2021
Нұрбақыт Теңізбаев: Барлық балуаннан жүлде күтеміз
2 тамызда Токио төрінде грек-рим шеберлерінің сайысы басталады. Демеу Жадыраев, Мейрамбек Айнағұлов бастаған балуандарымыз Олимпиадада барын салады деген сенімдеміз. Алайда жүлде алады-ау деген көшбасшыларымыз кейде болмашы қателіктерге бой алдырып, жүлдесіз қалатыны бар. Осы орайда Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаевты әңгімеге тартқан едік.
Тарих • 28 Шілде, 2021
«Көгілдір экранның» жұлдызды жұбы
Өткен ғасырдың 1960-1990 жылдары отандық көгілдір экранның сүйіктісі мен сымбатына, көріктісі мен сырласына, күн сайын әрбір отбасының төрге шығар қадірменді сыйласына айналған жандар – Ләскер Сейітов пен Мәриям Айымбетова болатын. Диктор. Елуінші жылдары бұл атау таңсық әрі биік мансап болатын. «Қайырлы кеш, құрметті теледидар көрермендері!» деп басталатын құлаққа жағымды, көңілге қонымды үн сені телеэкран алдына жіпсіз байлайтын. Сол шақтағы «көгілдір экранның» көркі мен сұлулықтың періштесіндей, бет-әлпетіне көзің түскенде жанарың тоқтай қалатын хордың қызы мен жігіттеріндей ағаларымыз бен апаларымыз Қазақ телевизиясындағы «сұлулықтың символындай» болып күні бүгінге дейін көз алдымызда тұр.