Аталған іс-шараның 29-30 шілде күндеріндегі бағдарламасына Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстанның мемлекеттік БАҚ өкілдері қатысып отыр.
Сондай-ақ іс-шараларға Түркі кеңесінің мүшелері – Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстанның тиісті институттары мен ұйымдарының өкілдері және Мажарстанның (бақылаушы-мемлекет) өкілдері қатысуда.
Іс-шара басында қатысушылар алдында Түркия Президенті Әкімшілігінің байланыс басқармасының басшысы Фахреттин Алтун сөз сөйледі.
Тренинг бағдарламасы әлеуметтік желілерде тәжірибе алмасуға, дезинформацияға қарсы күресте үздік тәжірибелерді талқылауға бағытталған.
«Егемен-ақпарат»