Саясат • 30 Шілде, 2021

Экожүйенің цифрлы картасы

488 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзаға­лиев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне арналған кеңесіне қатысып, сирек кездесетін жануарларды қорғауға және сақтауға арналған «ШЫҰ экожүйелік цифрлы картасын» әзірлеуді ұсынды.

Экожүйенің цифрлы картасы

Кеңес барысында ШЫҰ ел­дері­нің табиғат қорғау ведом­ство­­ларының басшылары қор­шаған ортаны қорғау сала­сын­дағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективалары мәселелерін талқылады.

Министр өз баяндамасында 2020 жылы ШЫҰ саммиті барысында айтылған мемлекет басшыларының тапсырмаларын орындау қажеттігін атап өтіп, осы мақсатта ШЫҰ-ға мүше мем­­ле­кеттердің экологиялық про­бле­маларының реестрін әзір­леуді ұсынды.

Сондай-ақ М.Мырзағалиев Арал өңірінің экологиялық пробле­маларын кешенді шешу мәселелерін қозғап, ШЫҰ ел­дерінде климаттың өзге­руі, ерекше қорғалатын табиғи аумақ­тар­ды дамыту және биоәр­түр­лі­лікті сақ­тау мәселе­лері бо­йын­ша бірлес­кен шешім­дерді із­деу қажетті­гін атап өтті. Ми­нистр Арал теңізі­нің құр­ғауын фи­то­мелиорациялау жө­нін­дегі бағ­дарламаны, ШЫҰ-ға мүше мем­лекеттердің ерекше қор­ғалатын табиғи аумақтарды дамыту сала­сындағы ынтымақтастық бағ­дарламасын әзірлеу маңыз­ды екенін жеткізді.

Сондай-ақ ол қоршаған ортаны қор­ғау саласындағы жобаларды қар­жы­ландыруға және БҰҰ бағдар­ламаларының желісі бойынша халық­аралық донорлық көмекті тарту жұмыстарын жан­дан­­дыруға қатысты бірқатар бас­та­маларды атады. Жиында ШЫҰ шеңберінде табиғатты қор­ғау қыз­метінің тиімділігін артты­ру мақ­­сатында ШЫҰ-ға мүше мем­ле­­кет­тердің қоршаған ортаны қор­­­ғау саласындағы ынтымақтас­ты­­ғы туралы үкіметаралық келі­сім­д­і әзірлеу қажеттігі де айтылды.

Сонымен қатар қазақстандық тарап­тың бастамасы бойынша кеңес шең­берін­де ШЫҰ-ға мүше мемлекет­тердің қор­­ша­ған ортаны қорғау мәселелері жөнін­дегі бірлескен жұмыс тобы құрылды.

Кездесу қорытындысында тарап­тар 2022-2024 жылдар­ға арнал­ған ШЫҰ-ға мүше мемлекет­тер­дің қорша­ған ортаны қорғау са­ла­сын­дағы ын­тымақтастық тұ­жы­рым­дамасын мақұлдады.

 

«Егемен-ақпарат»