Саясат • 30 Шілде, 2021

Айыппұл көлемі – 92 млн теңге

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік инспекторлар жалпы сомасы 92 млн теңгеден асатын айыппұл салды.

Айыппұл көлемі – 92 млн теңге

Нақтырақ айтқанда, импортқа фито­санитарлық бақылау жүргізген инс­пек­торлар өсімдіктер карантині саласын­­да 1 723 бұзушылықты анықтаған. Бұған қоса 1 406 жеке және заңды тұлғалар әкімші­лік жауапкершілікке тартылып, оларға 92 401 241,0 теңге көле­мінде айыппұл салынды.

Әзербайжаннан жеткізілген қызанақ жемістеріне карантиндік фито­сани­тарлық бақылау жүргізу кезін­де 17-сінде Tomato brown rugose cfruit virus (ToBRFV) вирусы анықталды. Осыған байла­нысты комитет тарапынан Әзербайжан аумағынан қызанақ жеміс­терін әкелуге шектеу түрінде уақыт­ша карантин­дік фитосанитарлық шара енгізілді. «Заңнамаларды басшылыққа ала отырып және Әзербайжан Респуб­ли­касының Азық-түлік қауіпсіздігі жөнін­дегі агенттігінен келіп түскен карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан аумағына әкелу туралы қабылданған ақпараты назарға алынып, 2021 жылдың 21 қаңтарынан осы шектеу алынып тасталды. Сондай-ақ жыл басынан бері Түрікменстанның өсімдіктер каран­тині жөніндегі мемлекеттік қызметінің фитосанитарлық сертификаттарының сүйемелдеуімен Қазақстанға жеткізі­летін қызанақтарға карантиндік фито­санитарлық бақылау жүргізу кезінде «қоңыр әжім» вирусының (Tomato brown rugose fruit virus (ToBRFV) 19 дерегі анық­талған, делінген баспасөз хабарламасында.

 

«Егемен-ақпарат»