Нақтырақ айтқанда, импортқа фитосанитарлық бақылау жүргізген инспекторлар өсімдіктер карантині саласында 1 723 бұзушылықты анықтаған. Бұған қоса 1 406 жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 92 401 241,0 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Әзербайжаннан жеткізілген қызанақ жемістеріне карантиндік фитосанитарлық бақылау жүргізу кезінде 17-сінде Tomato brown rugose cfruit virus (ToBRFV) вирусы анықталды. Осыған байланысты комитет тарапынан Әзербайжан аумағынан қызанақ жемістерін әкелуге шектеу түрінде уақытша карантиндік фитосанитарлық шара енгізілді. «Заңнамаларды басшылыққа ала отырып және Әзербайжан Республикасының Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі агенттігінен келіп түскен карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан аумағына әкелу туралы қабылданған ақпараты назарға алынып, 2021 жылдың 21 қаңтарынан осы шектеу алынып тасталды. Сондай-ақ жыл басынан бері Түрікменстанның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік қызметінің фитосанитарлық сертификаттарының сүйемелдеуімен Қазақстанға жеткізілетін қызанақтарға карантиндік фитосанитарлық бақылау жүргізу кезінде «қоңыр әжім» вирусының (Tomato brown rugose fruit virus (ToBRFV) 19 дерегі анықталған, делінген баспасөз хабарламасында.
«Егемен-ақпарат»