Хамит ЕСАМАН
Хамит ЕСАМАН«Egemen Qazaqstan»
1181 материал табылды

Аймақтар • 09 Шілде, 2021

Жамбылдық су шаруашылығы саласының қызметкерлері марапатталды

Бүгін су шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай, «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл облыстық филиалында жиын өтті. Кездесуге өңірдегі су шаруашылығы саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты. Шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Нұржан Нұржігітов облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың құттықтауын жеткізді, деп жазады Egemen.kz. 

Аймақтар • 09 Шілде, 2021

Жамбыл облысында жүзге жақындаған әже вакцина салдырды

Жамбыл облысының Шу ауданына қарасты Жаңа жол ауылының 96 жастағы тұрғыны Ифрат Халяпова коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын қабылдады, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 03 Шілде, 2021

Сарысу ауданында мал азығы жеткілікті

Биыл Жамбыл өңірінде мал азығының қымбатшылығы әрі тапшылығы күрделі мәселеге айналып отыр. Алайда, аталған мәселе бойынша бүгінде тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі кезде Сарысу ауданында төрт түліктің саны артып, нәтижесінде өңір тұрғындарының да әлеуеті де көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Оқиға • 30 Маусым, 2021

Президенттің көмекшісі Жамбыл өңірінің кәсіпкерлерімен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Қанат Бозымбаев Жамбыл облысына арнайы келіп, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге өңірлік кеңес мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экономика • 28 Маусым, 2021

Шөп бағасы шарықтап барады

Биылғы жаз мезгілі жылдағыдан өзгеше болып тұр. Көктемнің көкөзек шағында сәт сайын жауып беретін жұпар жаңбыр да биыл көп жаумады. Есесіне аптап ыстық, құрғақ жел қара жердің апшысын қуырып, тынысын тарылтып жібергендей. Егін егуге, мал шаруашылығымен айналысуға бірден-бір қолайлы өңір саналатын Жамбыл облысында биыл шабындықтың да мәнісі жоқ.

Аймақтар • 24 Маусым, 2021

Жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын жобалар

Жамбыл облысының әкімдігі мен Еңбек және халықты Әлеуметтік қорғау минстрлігінің ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи этно-мәдени кешенінде «Әлеуметтік кәсіпкерлік: қоғам мен бизнес үшін жаңа мүм­кіндіктер» тақырыбында халықаралық форум өтті. Аталған жиынға онлайн режімінде АҚШ, Ресей, Үндістан, Израиль және ТМД елдерінің өкілдерімен қатар, өңір кәсіпкерлері де қатысты. Қатысушылар кәсіпкерлікті дамыту төңірегінде пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.

Аймақтар • 22 Маусым, 2021

Жамбыл облысында жүйелі жұмыстар атқарылуда

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Әкім кездесуде өңірдің 2021 жылдың 5 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен мемлекеттік бағдарламалардың іске асу барысына тоқталды. Сонымен қатар ол Мемлекет басшысы және Үкіметтің қолдауымен өңірде негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсіміне қол жеткізіліп отырғанын да айтты.

Аймақтар • 21 Маусым, 2021

Шу өңірінің қариялары Түркістанға саяхат жасады

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Шу ауданында тұратын 20 қарияны Түркістан облысына саяхатқа жіберу қолға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 21 Маусым, 2021

Әлемді өзгерту – жастардың міндеті

Қазіргі кезде қоғамда жастарға қатысты мәселе көп. Жастардың ой-санасы мен көзқарасын дұрыс қалыптастыру, өмірге көзқарасын айқындау да – маңызды міндеттің бірі. Осы орайда Тараз қаласындағы Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақта жастар арасында әлеуметтік жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және әлеуметтік маңызы бар экологиялық жобаларды қолдау мақсатында ÁLEMDI ÓZGERT атты үздік жобалар байқауы өтті.

Аймақтар • 18 Маусым, 2021

Биыл Т.Рысқұлов ауданында 10 ауылға газ, 3 ауылға су кіреді

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат Садырқұлов брифинг беріп, биыл 10 ауыл газданып, 3 ауылға су толық тартылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.