Хамит ЕСАМАН
Хамит ЕСАМАН«Egemen Qazaqstan»
1180 материал табылды

Референдум • 05 Маусым, 2022

Жамбыл облысында 688 мың адам өз таңдауын жасайды

Республикалық референдумды өткізуді ұйымдастыру бойынша Жамбыл облысында 492 сайлау учаскесі жұмыс атқарып жатыр. Комиссия құрамында облыс бойынша 3748 адам бар. Облыс бойынша референдумға қатысуға құқығы бар 688 мың адам тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 02 Маусым, 2022

Жақсы кітап – жан азығы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялап, балаларға ерекше назар аудару қажеттігін атап өткен болатын. Осыған орай Тараз қаласындағы «Анаға тағзым» орталығында «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасының аясында балаларға арналған отбасылық «Анаммен бірге кітап оқимын» атты шығармашылық байқауы өтті.

Референдум • 02 Маусым, 2022

Сапалы трансформация - әділеттілік кепілі

Парламент Сенатының депутаты Абдалы Нұралиев Тараз қаласына келіп, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің ұжымымен және студенттерімен кездесті. Кездесуде сенатор референдумның мән-маңызына тоқталып, Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстан құру идеясын қолдауға және референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Аймақтар • 26 Мамыр, 2022

Қонаев рухына құрмет

Біртуар тұлға Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 110 жыл толуына орай, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласына қарасты «Дегерес» елді мекеніндегі қазақ орта мектебіне қайраткердің есімі берілді. Сондай-ақ білім ошағының алдында Дінмұхамед Қонаев ескерткішінің ашылу рәсімі өтті. Жиында аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев белгілі тұлғаның мерейтойы қарсаңында бұл аудан халқы үшін қуанышты жаңалық болғанын жеткізді.

Аймақтар • 25 Мамыр, 2022

Экскурсиялық автобус іске қосылды

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша биыл «Балалар жылы» деп жариялануына орай, Жамбыл облысында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Аймақтар • 23 Мамыр, 2022

Өнерпаз өрендер тәнті етті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп жарияла­ған болатын. Президенттің тапсырмасына сәйкес еліміздің әр өңірінде игілікті іс-шаралар ұйым­дастырылып, өскелең ұрпаққа тиісті қолдау көрсетілуде.

Аймақтар • 19 Мамыр, 2022

Қаратау бөктеріндегі «Қымызмұрындық»

«Қымызмұрындық» – атадан балаға мирас болып келе жатқан игі дәстүрдің бірі. Бұл ежелден қалыптасқан жазға қарай бие байлап, алғашқы қымыз ішу рәсімі. Оған ауыл ақсақалдары мен өзге де сыйлы қонақтар шақырылады. Көпшілікке арнап ақ дастарқан жайылып, бата жасалады. Дәстүрге сай, биыл бұл үрдіс Әулиеата өңірінде өз жалғасын тапты. Талас ауданының «Жұрындысай» балалар лагерінде облыстық «Қымызмұрындық-2022» этно-фестивалі өтті. Аталған іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов қатысты. Сондай-ақ этно-фестивальге Тараз қаласы мен өңір аудандарынан жүзге жуық ардагер шақырылған.

Референдум • 18 Мамыр, 2022

Көкейкесті мәселелер тыңдалды

Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келіп, бірнеше кездесу өткізді. Халықаралық Тараз инновациялық институтында болып, оқу ордасының қызметкерлерімен және өңірдің зиялы қауым өкілдерімен Президент ұсынған референдум мәселесін талқылады.

Референдум • 18 Мамыр, 2022

Әділетті мемлекет құрудың бастамасы

Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдумды түсіндіру мақсатымен Мәжіліс депутаттары Мейрамбек Төлепберген, Назиля Раззак және Гүлдара Нұрымова Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылының зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Қоғам • 16 Мамыр, 2022

Жастарға арналған жарқын жоба

Бүгінде Мемлекет қолдауының нәтижесінде елімізде түрлі мемлекеттік бағдарламалар іске асып келеді. Оның ішінде ипотекалық бағдарламалар да бар. Нәтижесінде, көптеген тұрғын баспаналы болуда. Талай азаматтың күрделі мәселесі оң шешімін тауып, көпшілік қуанышқа кенелуде. Бірақ бұл ретте жастардың баспаналы болуына да түрлі талаптар қойылып келді.