Аймақтар • 25 Мамыр, 2022

Экскурсиялық автобус іске қосылды

325 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша биыл «Балалар жылы» деп жариялануына орай, Жамбыл облысында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Экскурсиялық автобус іске қосылды

Өңірде түрлі олимпиадалық ойындар, өнер жарысы мен зияткерлік кездесулер өтуде. Сондай-ақ Әулиеата өңірінің ішкі туристік әлеуетін дамыту әрі тиімді жобаларды жүзеге асыру мақсатында облыстық туризм басқармасы Тараз қаласының тұрғын­дары мен қонақтарына арналған экс­курсиялық тур ұйымдастырды. Енді тур аясында тараздықтар төрт ай бойы көне шаһардың тарихи-мәдени ошақ­тарына саяхат жасайды. Олар екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз қаласының көрнекті жерлеріне барады.

Тараз қаласының өзінде тарихи-мәдени ескерткіштер мен киелі орындар жеткілікті. Бұл орайда өңірге келуші туристер де көне шаһардың тарихына ерекше қызығушылық танытуда. Ал аталған іс-шараға арнайы экскурсия­лық автобус ұйымдастырылып, келуші­лер қаладағы «Көне Тараз» тарихи-архео­логиялық саябағы, «Қарахан», «Дәуітбек», «Айша бибі», «Бабаджа хатун» кесенелері, Ерте Ислам дәуіріндегі жерасты мешіті, «Тектұрмас» этнотарихи кешені және «Қазақ хандығы» монументі сияқты тарихи-мәдени орын­дарға саяхат жасауда. Бұл саяхат­тан мүмкіндігі шектеулі және ата-ана­сының қамқорлығынсыз қалған балалар да тыс қалмады. Олардың қаланы еркін аралауына еріктілер де көмек көрсетуде. Сондай-ақ экскурсия аясында туризм саласында еңбек етіп жүрген мамандар мен балалар арасында ашық диалог өрбіді. Мамандар балаларға Тараз жеріндегі тарихи құндылықтар жөнінде толық мәлімет беріп, сан ғасырлар бойы жасап келе жатқан тарихи құндылықтарды қастерлеу әр азаматтың борышы екенін жеткізді. Алдағы уақытта да өңірдегі балалар үшін мұндай іс-шаралар жалғасын табады.

 

Жамбыл облысы