Қазақстан • 22 Сәуір, 2022
Жамбыл облысы – ауыл шаруашылығымен аты шыққан өңір. Мұнда асыраушы саланы көркейтуге, дамытуға мүмкіндік мол. Сондықтан да өңірдегі қарапайым халықтың дені мал шаруашылығымен айналысады. Биыл облыстағы мал саны 7,1 пайызға артқан. Мемлекет қолдауының нәтижесінде несие алып, тірлігін тіктеп отырған шаруалар да бар.
Қоғам • 20 Сәуір, 2022
Талай жылдан бері көпшілік үшін көкейкесті мәселеге айналған өңірдегі шайынды сулардың жағдайы әлі реттелмей келеді. Тараз қаласынан шыққан қалдық сулар облыс орталығымен іргелес жатқан Жамбыл ауданының аумағына жайылуда. Оның қолқаны қапқан күлімсі исінен бұл күнде жергілікті жұртшылық та зәрезап болған.
Қоғам • 20 Сәуір, 2022
Басшылардың басым бөлігі бұқараның мәселесін білмейді
Қазіргі кезде Тараз қаласын одан әрі дамыту мақсатында өңірде кешенді жоспар құрылып, жүйелі жұмыстар жүріп жатыр. Аймақта қолға алынған «Асарлатып үй салу», «Жомарт жүрек», «Таразға тарту» сияқты жобалар да өз жемісін беруде.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2022
Қазіргі кезде Тараз қаласындағы жаңадан салынған тұрғын үйлерге айтылатын сын көп. Жыл сайын ел игілігі үшін жүздеген пәтер пайдалануға беріледі. Бірақ көптеген үйдің сапасы сын көтермейтіні талай рет сөз болған. Енді біраз уақыттан бері көптің сынына ұшырап келе жатқан жаңа 15-шағын аудандағы жол мәселесі де бұл күнде тұрғындар үшін түйткілді мәселеге айналған. Шын мәнінде аталған шағын аудан бой көтере бастағанда көптің қуанышында шек болған жоқ. Баспаналы болудан үміті бар талай отбасы аз уақыттың ішінде қоныстойын тойлады. Мемлекет берген жеңілдікті пайдаланып баспаналы болды. Бірақ талай жыл табанақы, маңдай терімен тапқан-таянғанын банкке құйып, әупірімдеп жүріп үй алған әлеуметтің де базынасы орынды. Олардың әлі де төлейтін қарызы көп. Ал көпшілік мұндай көкейкесті мәселені талай мәрте көтергенімен, әлі де оңды нәтиже болмай тұр.
Қоғам • 12 Сәуір, 2022
Қоғамдық кеңес «қолбала» болмасын десек
Қазіргі таңда Жамбыл облысында Қоғамдық кеңес құрамының мәселесі жиі көтеріліп келеді. Өңірдегі бірқатар аудан аталған әңгіме төңірегінде сынға ұшыраған болатын. Мәселен, бір ғана Меркі ауданының Қоғамдық кеңес құрамының әуелі дұрыс бекітілмегені де талай айтылды. Аталған өңірде аудан әкімінің орынбасары, әкімдікке қарасты біраз бөлім басшылары сияқты лауазымды тұлғаларды да кеңес мүшелігіне кіргізіп қойған.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2022
Жасылдандыру мақсатында жыл сайын көктем мезгілінде Тараз қаласында тиісті жұмыстар атқарылады. Биыл да көне шаһарда «Менің қалам – менің аулам!» акциясы ұйымдастырылды. Қала тұрғындары бір күнде 7 мыңнан астам көшет отырғызды. Бұл сауапты іске қалада тұрып келе жатқан түрлі сала мамандары да атсалысты.
Қоғам • 04 Сәуір, 2022
Көпшілік көгілдір отынды әлі күтіп отыр
Жамбыл өңірінде қазіргі таңда көптеген ауыл мемлекет қолдауының нәтижесінде көгілдір отынның игілігін көріп келеді. Тіпті бірқатар аудан орталықтарына газ тоқсаныншы жылдары-ақ тартылған екен. Егемендіктің отыз жылында да талай ауылдың газ мәселесі шешілді. Дегенмен әлі күнге дейін газ мәселесі күрделі күйінде қалып келе жатқан ауылдар да жетерлік. Аймақта әкімдер халық алдында есеп бергенде де осы бір күрделі мәселе тұрғындар тарапынан жыл сайын көтеріледі.
Тарих • 03 Сәуір, 2022
Тарихи тұлғаларды қорғаймыз ба, әлде?..
Тарихи тұлғаларға деген құрметтің жөні бөлек болуы керек. Қазақ халқының маңдайына біткен біртуар тұлғалары да тиісінше ардақталуы тиіс. Бірақ өкінішке қарай бізде керісінше болып тұр.
Қоғам • 03 Сәуір, 2022
Әкімдер атақ берумен ғана айналыса ма?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмасына орай, Жамбыл облысында барлық он ауданның әкімдері халық алдында есепті кездесулерін өткізді. Дәстүр бойынша аудан басшылары жыл ішінде атқарған жұмыстарын баяндаған соң, көпшілік көкейде жүрген сауалдарын қойды.
Аймақтар • 31 Наурыз, 2022
Бірлігі жарасқан берекелі ауыл
Қазыналы қарт Қаратаудың баурайындағы тарихи «Тамды» қалашығы талай жұртты тамсандырған тылсым мекен. Қаратау қаласының іргесіндегі «Тамды әулие» бұлағы көненің көзі, тарихтың өзі болып бүгінге жеткен. Қасиетті топырағынан елге белгілі талай азамат түлеп ұшқан Талас ауданында Тамды дейтін ауыл тағы бар. Бірлігі жарасқан шағын ауылда айтарлықтай жұмыс атқарылған.