Аймақтар • 27 Наурыз, 2022
Су тапшылығы биыл да қыспаққа алып тұр
Бұл күнде Жамбыл өңіріндегі су тапшылығы күрделі мәселеге айналған. Қажетті су қорының аздығынан аймақтағы егістік көлемі де жылдағыдан қысқарып келеді. Мәселен, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өткен жылы өңірдегі егістік көлемі 751,9 мың гектарды құраса, биыл 741,1 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланған.
Аймақтар • 24 Наурыз, 2022
Көктем келіп, жер дүние қайтадан жасанған ғажап сәтте көпшілік айналаны жасылдандыру жұмысымен айналысады. Табиғаттың өзі сыйға тартқан сан түрлі сұлулықпен қатар, мұндайда адам қолымен жасалған кереметтің өзі көңіл сүйсінтеді. Жалпы, қоршаған орта, өмір сүріп отырған аймақтың таза, жинақы әрі әсем болғаны да жақсы. Ал көктем келгенде жайнап қоя беретін жер-дүние, жалпы қоғам көпшіліктің еңбегі арқылы да көркейе түседі. Ал Наурыз келіп, нәуірзек қонғанда тағы жанданады. Бұл ретте жамбылдықтар да аймақты жасылдандыру жұмысына белсене кірісті.
Аймақтар • 21 Наурыз, 2022
Жақсылықтың жаршысы болған жоба
Қазақ халқының болмысында өзгеге көмектесу, сауапты іс жасау, қолында бар дүниені өзгемен бөлісу сияқты игі қасиеттер ғасырлар бойы қалыптасқан. Қандай қиын заман, күрделі дәуірлерді бастан өткерсе де, ұйымшылдықпен іс қылған бабалардың осы бір ізгі қасиеті бүгінгі ұрпаққа жетті.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2022
Ақкөлге айрықша көңіл бөлінуде
Кезінде Талас ауданының орталығы болған Ақкөл ауылы кейінгі жылдары біршама қиындықты бастан кешті. Тоқсаныншы жылдары тозып, тоқырауға ұшыраған ауылда мәселе көбейген болатын. Тіпті тұрғындардың әлеуметтік жағдайы әлсіз болған соң олардың біразы туған ауылдан табан аударған еді.
Аймақтар • 14 Наурыз, 2022
Жұмыссыз қалған жұрттың үні жоғарыға жете ме?
Қоғамда жұмыссыздық мәселесі көпшілікті қос бүйірден қысып тұрған кезде, Жамбыл өңіріндегі бір топ ауыл тұрғындары да жұмыссыз қалып отыр.
Қоғам • 14 Наурыз, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Осыған орай, Тараз қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасында Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен OrdaGen балаларға арналған ертегілер жобасы бойынша жарық көрген танымдық оқу құралдарының тұсаукесері өтті.
Әдебиет • 11 Наурыз, 2022
Оқиғалар көшіндегі көркем естеліктер
Тұтас қоғамның тамырын тап басып, талғамын тани қою қиын. Бірақ сол қоғамда сан түрлі кейіпкерлердің өмір сүріп отырғанын білеміз. Өмір дегеннің де ақ пен қараның, жеңіс пен жеңілістің, ұмтылу мен сүрінудің баяны екенін күнделікті тіршілік көрсетуде. Пенденің ғұмыры да, ой-қиялы да есте жоқ ескі кезеңдерден басталып, аяқ жағы көз емес, көңіл ғана жететін алыс болашаққа қарай жетелей береді. Египет жазушысы Нагиб Махфуздың «Біздің көшенің аңыз-әпсаналары» романында да сол пенде-ғұмырдың осындай бір көріністері баяндалады. Каирдің ең ескі махаллаларының бірі Ғамалийеде туған қаламгер де сонау ежелгі заманнан бастап, алыс болашаққа қарай ой сапарын шегеді. Көркем шындық пен қиялды қатар өреді.
Қазақстан • 10 Наурыз, 2022
Әкімдердің әлеуметпен байланысы әлсіз
Билік пен бұқараның бір-бірімен етене, жақын болуы көптеген мәселенің оң шешілуіне ықпал ететіні анық. Көпшіліктің көкейінде сан түрлі сауал бар.
Аймақтар • 10 Наурыз, 2022
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 110 жыл толуына орай Талас ауданының орталығы Қаратау қаласында ғылыми-практикалық конференция өтті.
Қоғам • 08 Наурыз, 2022
Елімізде жыл сайын балабақшалар мен мектептердің саны артуда. Басты мақсат – саналы ұрпақ қалыптастыру. Бұл ретте еліміздегі балабақшаларда қызмет атқарып жүрген тәрбиешілердің еңбегі орасан. Тараз қаласындағы №30 «Назерке» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Айнұр Қожамқұлова – егемен еліміздің ертеңгі буынын тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп келе жатқан жоғары санатты маман.