Медицина • 07 Маусым, 2022
Перзентінің өмірін ұзартқан ана
Бір адамның өмірін сақтап қалудың өзі баға жетпес байлық. Қазіргі кезде елімізде ауыр науқаспен алысып жүрген қаншама адам бар. Өкінішке қарай, дертіне ем таба алмай дүниеден өтіп жатқан жандар да көп.
Референдум • 07 Маусым, 2022
Мыңнан астам адам үйде дауыс берген
Республикалық референдумның Жамбыл облысы бойынша құрылған 492 учаскесінде дауыстарды санау аяқталып, қорытындысы жарияланды. Бұл туралы аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте мәлімдеді.
Аймақтар • 06 Маусым, 2022
Жамбыл облысы бойынша референдум қорытындысы жарияланды
Республикалық референдумның Жамбыл облысы бойынша құрылған 492 учаскесінде дауыстарды санау аяқталып, қорытындысы жарияланды. Бұл туралы аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 06 Маусым, 2022
Білім бақытты болашаққа бастайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялап, балалардың болашағын қалыптастыру мақсатында нақты міндет жүктеген болатын. Президент тапсырмасына орай, Тараз қаласында «Бақытты болашақ» оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Жаңа нысанның салтанатты ашылу рәсіміне жиналған көпшілік әуелі ғимаратты аралап көрді. Сондай-ақ оқушылардың ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстары бойынша ұйымдастырылған көрмені тамашалады.
Референдум • 05 Маусым, 2022
Жамбыл облысында референдумға байланысты жәрмеңкелер ұйымдастырылуда
Елдің болашағы үшін әрбір азамат бүгін өз таңдауын жасауда. Жамбыл облысында да көпшілік сайлауға белсенді қатысып жатыр. Облыс аудандарында референдумға байланысты жәрмеңкелер ұйымдастырылуда, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Маусым, 2022
Жамбыл облысы халқының 67,3 пайызы дауыс берді
Жамбыл облысы бойынша құрылған 492 референдум өткізу учаскесі кестеге сәйкес жұмыс атқаруда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Маусым, 2022
Жамбыл облысында 112 жастағы әже дауыс берді
Жалпыхалықтық референдумға Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының жұртшылығы да белсенді атсалысуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 05 Маусым, 2022
Тараздық тұрғындар оң өзгерістерге сенеді
Тараз қаласындағы №25 орта мектепте орналасқан №72 сайлау учаскесіне де тұрғындар көптеп келуде. Жергілікті әрбір тұрғын еліміз үшін маңызды өзгерістерге дауыс беріп, өз таңдауын жасап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 05 Маусым, 2022
Жамбыл облысында 379 мың 429 азамат өз таңдауын жасап үлгерді
Республикалық референдумды өткізу бойынша Жамбыл облысында құрылған 492 сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Ал, облыс бойынша 3 сайлау учаскесінде, атап айтсақ, Тараз қаласы, Қордай және Жуалы аудандарындағы әскери бөлімшелерде аумақтық комиссиялардың шешімі негізінде дауыс берудің басталу уақыты таңертеңгі сағат 06:00-ден бастап белгіленген. Жалпы облыс бойынша 688 мың адам референдумға қатысып, өз таңдауын жасай алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Маусым, 2022
Жамбыл облысының әкімі референдумға қатысып, дауыс берді
Бүгін Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов отбасымен бірге Тараз қаласындағы №53 мектепте орналасқан №50 сайлау учаскесіне барып, жалпыхалықтық референдумға дауыс берді. Жалпы облыс бойынша барлығы 492 сайлау учаскесі құрылып, қазіргі кезде кестеге сәйкес жұмыс атқаруда, деп хабарлайды Egemen.kz.