Өңірде дауыс беруге құқы бар азаматтарды дауыс беру күні, уақыты, орны туралы хабардар ету бойынша қажетті шаралар қабылданған. Референдум жұмысына жергілікті тұрғындар да белсенді атсалысуда.
Бүгін сағат 16:00-дегі мәлімет бойынша, Жамбыл облысында дауыс берушілердің саны 463 мың 410 адамға жеткен. Бұл дауыс берушілердің 67,3 пайызын құрайды.
Сондай-ақ аймақтағы 18 референдум учаскесінде дауыс беру аяқталды. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкеловтің айтуынша, бұл облыс аумағындағы әскери бөлімдердегі, ауруханалар мен емдеу орталықтарында орналасқан учаскелер болып табылады.