Референдум • 05 Маусым, 2022

Жамбыл облысында референдумға байланысты жәрмеңкелер ұйымдастырылуда

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елдің болашағы үшін әрбір азамат бүгін өз таңдауын жасауда. Жамбыл облысында да көпшілік сайлауға белсенді қатысып жатыр. Облыс аудандарында референдумға байланысты жәрмеңкелер ұйымдастырылуда, деп жазады Egemen.kz.

Жамбыл облысында референдумға байланысты жәрмеңкелер ұйымдастырылуда

Сарысу ауданында орналасқан 25 референдум учаскесінің жұмысы жақсы жүргізілуде. Таңертеңнен бастап дауыс берушілердің легі азаяр емес. Аудандағы 25 референдум учаскесінің барлығында да жәрмеңке өтіп жатыр. Оған 36 кәсіпкер жұмылдырылған. Бұл жерде дауыс берушілер тұрақтандыру қорының бағаларына сай азық-түлікті, соның ішінде көкөністі арзан бағаға сатып ала алады. Сонымен қатар, референдум учаскелерінде келушілер үшін  радиоконцерттік бағдарлама да ұйымдастырылған.

Жалпыхалықтық референдум Байзақ ауданында да белсенді өтуде. Аудан әкімі Бақыт Қазанбасов №126 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Сондай-ақ дауыс беруге келген аудан тұрғындары үшін учаскелер маңында ауылшаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылған. Мұнда түрлі көкөністер мен жемістер, сүт өнімдері және тағы басқа да қажетті өнімдер нарық бағасынан төмен сатылуда.