Аймақтар • 18 Ақпан, 2022
Жақсы жобаларға көз жұмып қараған...
Бүгінде мемлекет тарапынан әр салаға айтарлықтай қолдау болғанымен, кейбірінде оны үйлестіру мен жүзеге асыру жұмыстары ойдағыдай емес. Өңірлерде де мұндай жағдай жиі кездеседі. Көп басшылар есеп бергенде ғана дұрыс көрсеткіштерді алға тартып, атқарылған шаруалардың денін тізіп шығады. Алайда кейбір күрделі мәселелер айтылмай, жабулы күйінде қалады.
Қоғам • 14 Ақпан, 2022
Жылыту мәселесінде жағдай қиындап тұр
Ақпан айы Жамбыл өңіріне ақтүтек боранымен бірге келді. Желтоқсан және қаңтар айларында жайлы болған қыс мезгілі ақпанда тосын мінез танытуда. Күн райы күрт құбылып, жергілікті жұртшылықтың да алаңдаушылығын тудырып отыр.
Руханият • 07 Ақпан, 2022
Сарғайған парақтардағы сағыныш
Шерхан Мұртаза еліміздің төрт құбыласындағы халыққа таныс тұлға. Әйгілі қаламгердің қаламынан туған шығармаларды ел іздеп жүріп оқыды. Әрдайым шындықтың шырақшысы болған жазушыны құрмет тұтты. Тұлғаның жазып қалдырған тағдырлы туындылары ел жадында. Жалпы, Шерхан сынды алып қаламгердің қаламынан туған әрбір сөз, әрбір жол ұлт руханияты үшін асыл қазына. Көркем шығармаларынан бөлек, әдеби мақалалары, күнделіктері мен хаттары да замана жүгін көтеріп тұрған дүниелер. Жазушының әр жылдары жазған хаттары да бұл күнде Шерхан Мұртаза атындағы облыстық «Руханият және тарихтану» орталығында сақтаулы тұр.
Аймақтар • 07 Ақпан, 2022
Қыруар қаражат қажетке жарамай тұр
Жамбыл облысында соңғы кезде су тапшылығы жиі байқалуда. Өңірдегі су қоймаларына тіршілік көзі қажетті мөлшерде жиналмай, қақаған қыстың бел ортасынан бастап, көктемнің көкөзек шағында да елді әбігерге салатыны бар. Бұл, әсіресе аймақтағы шаруалардың жұмысына айтарлықтай дәрежеде кедергі келтіреді. Тіпті бұйырған несібесін қара жерден айырып отырған кейбір диқандардың тірлігі тұралап, әжептәуір шығынға да батып жатады. Су тапшылығы жылдан жылға күрделі мәселеге айналып, күрмеуі шешілмей келеді. Мұның бір себебі, мамандар қыс мезгілінде қардың қалың түспеуінен де болады дейді. Дегенмен мәселені шешудің түрлі жолдары қарастырылуда. Мәселен, өңірде жерасты суларын мейлінше тиімді пайдалану туралы бастама көтеріліп, тиісті басшыларға тапсырма берілгенімен, оның орындалу барысы да баяу болып тұр.
Спорт • 04 Ақпан, 2022
Еліміздің намысын қорғап жүрген әулиеаталық спортшыларға, олимпия ойындарының жүлдегері Елдос Сметов пен жүзуден паралимпиаданың қола жүлдегері Нұрдәулет Жұмағалиға бір бөлмелі пәтер берілді.
Қоғам • 03 Ақпан, 2022
Аңшылықта да айтарлықтай мәселе бар
Аңшылық – қазақ халқымен мыңжылдықтармен бірге жасасып келе жатқан кәсіптің бірі. Ұлы даланың ұланғайыр кеңістігінде жортқан табиғаттың тірі байлығы әлі де бар. Жалпы, тарихы мол аңшылық дәстүр туралы қазақ әдебиетінің жауһарларында да кездеседі.
Тарих • 02 Ақпан, 2022
Көне ескерткіштер көзден таса қалуда
Екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз шаһарында көненің көзі саналатын тарихи ескерткіштер жетерлік. Әрбір нысанның өзіне тән терең мазмұны мен мағынасы бар. Облыс орталығындағы Қарахан, Тектұрмас, Дәуітбек сияқты кесенелер мен ерте ислам дәуіріндегі жерасты мешіті сынды жәдігерлер де көне замандардан жеткен құнды мұралардың бірі. Мұның барлығы да тарихи шаһардың шежіресін жасап, мазмұнын арттырып тұрған дүниелер.
Қоғам • 31 Қаңтар, 2022
Азық-түліктің сапасы сын көтермейді
Қазіргі кезде қарапайым халықтың жағдайы туралы сөз болғанда, ең әуелі азық-түлік мәселесі айтылады. Яғни баға тұрақтылығы жұртшылық үшін аса маңызды. Жергілікті тұрғындарды қолжетімді азық-түлік түрлерімен қамту мақсатында Жамбыл облысында былтыр бірқатар әлеуметтік дүкен ашылған болатын. Әрине, Әулиеата халқы бұл бастамаға қуанған еді. Мұнда өңірдегі қорда қалыптасқан көпшілік күнделікті тұтынатын түрлі заттар қойылды. Бағасы да басқа дүкендерден қарағанда анағұрлым арзан. Бірақ бүгінде сол әлеуметтік дүкендердің әлеуеті нашар болып тұр.
Коронавирус • 24 Қаңтар, 2022
Көпті алаңдатқан коронавирус індеті қайта күшейді. Қазіргі кезде індет жұқтырғандардың саны күрт өскен. Мәселен, осы уақытқа дейін Жамбыл облысы аумағында коронавирус инфекциясының 23 275 жағдайы тіркеліп, 8 361 тұрғын пневмонияға шалдыққан. Ал өңірде өткен тәулікте 257 адам қауіпті індетті жұқтырып, 6 адам өкпе дертімен ауырған.
Әдебиет • 20 Қаңтар, 2022
Шабыт туралы шындықты табу да, оған көз жеткізу де қиын. Себебі шабыт туралы әркімнің түсінігі әрқилы. Өзгеше, иен жатқан арал сияқты, оны ашу да мүмкін емес. Көзге көрінбейтін, қолға ұсталмайтын осы бір ерекше құбылыс туралы бір сәт толғанып көрсек, ой да түбіне жеткізбейтін сияқты.