Аймақтар • 20 Қаңтар, 2022
Өңірде баға байлауға көнбей тұр
Баға тұрақтылығы бұқара үшін басты мәселенің бірі. Қажетті азық-түлік қоры қалыптасқан дегенімізбен, қара халықты қымбатшылық қос бүйірден қысып келеді. Қай жерге барсаңыз да, қандай зат алсаңыз да бағаның аспандап тұрғанын көруге болады. Бұл жергілікті билік пен кәсіпкерлердің арасындағы байланыстың нашарлығын көрсетеді. Сөйтіп екі ортада қарапайым халық қиналып қалады.
Аймақтар • 19 Қаңтар, 2022
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздегі жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан құқық қорғау саласының қызметкерлері мен әскерилер мемлекеттік наградалармен марапатталған болатын. Опат болған ерлер қайталанбас ерлігімен мәңгі ел есінде. Олардың қатарында Тараз қалалық полиция басқармасы 1-бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция капитаны Рахат Сланбеков те бар.
Қоғам • 18 Қаңтар, 2022
Әлеуметтің әкімдерден күтері көп
Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық округ әкімдері сайлануда. Жамбыл өңірінде де Президент тапсырмасына сай әкімдер сайлауы тағы өткен болатын.
Қоғам • 13 Қаңтар, 2022
Әулиеаталықтарға – әлеуметтік көмек
Әулиеата өңірінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету жалғасып келеді. Жуырда облыс бойынша 7 600 отбасыға 100 млн 409 мың теңгеге демеушілік көмек көрсетілді. Олардың қатарында аз қамтылған, көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты зейнеткерлер және мүгедек балалар бар. Тұрғындарға көмек ретінде азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттар берілді. Әулиеаталықтар әкімдік тарапынан берілген бұл әлеуметтік көмекке алғыс айтуда.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2022
269 бүлікші ұсталып, 20 қылмыстық іс қозғалды
Жамбыл облысында жағдай тұрақты. Ахуал өңірде құрылған жедел штабтың қатаң бақылауында. Қазіргі кезде Тараз қаласында орын алған террорлық шабуылға тосқауыл қойылып, он шақты қарулы қылмыскердің көзі жойылған.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2022
Оң нәтиже оң өзгерістерге бастайды
Жалпы жұрттың, оның ішінде жастардың спортпен айналысуы құптарлық жағдай. Халқымыз ежелден ұстанған саламатты өмір салты бүгінде жалғасын тауып, жаңа деңгейге көтеріледі. Еліміздің әрбір аудан, ауылдарында бүгінде спорт нысандары көптеп салынып, мемлекет тарапынан тиісті көмек көрсетіліп жатыр. Нәтижесінде, көптеген жас спорт саласында жетістіктерге жетіп, ел мерейін асыруда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты былтырғы Жолдауында «Жұрттың және балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалуы қажет екенін тағы да қайталап айтамын», деген болатын.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2021
Қажет шаруаларға қаражат бөлінбеген
Табиғаттың жерүсті және жерасты байлығын тиімді пайдалану бүгінде өзекті болып отыр. Оның ішінде су мәселесі тіршілік көзі, ауыл шаруашылығы саласын алға бастырушы негізгі тетік болғандықтан, маңызы артып тұр. Әсіресе соңғы жылдары елімізбен қатар, су тапшылығы анық байқалатын Жамбыл облысында да бұл өзекті. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев суды тиімді пайдалануға байланысты тапсырма берген болатын.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2021
Қазақ тарихында Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би сияқты тұлғалардың өнегелі өмірі, ел үшін еткен еңбегі ерен. Туралықтың, әділдіктің жаршысы ретінде де белгілі.
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2021
Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысында болып, өңірдегі әлеуметтік және туристік нысандардың ахуалымен танысты. Әулиеата жеріне жұмыс сапары барысында Қ.Көшербаев Тараз қаласындағы «Арбат» жаяу жүргіншілер аймағын, «Көне Тараз» және «Тектұрмас» тарихи-этномәдени, үстел теннисі және көркем гимнастика спорт кешендерін аралап көрді.
Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2021
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өткен жылы Қордай ауданының Отар ауылында болып, тұрғындармен кездескен болатын. Мұнда жергілікті жұртшылық көптеген мәселемен қатар, ауылға Мәдениет үйі мен спорт кешенінің қажеттілігі туралы айтқан еді. Сондай-ақ ауылдықтар облыс басшысынан газ мәселесін шешіп беруді де сұраған. Бұл ретте Б.Сапарбаев тұрғындардың өтініші жерде қалмайтынын айтып, бұл бағыттағы жұмыстар жедел қолға алынатынын жеткізген. Нәтижесінде, Отар ауылына газ тартылып, спорт кешені ашылды.