Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздегі жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан құқық қорғау саласының қызметкерлері мен әскерилер мемлекеттік наградалармен марапатталған болатын. Опат болған ерлер қайталанбас ерлігімен мәңгі ел есінде. Олардың қатарында Тараз қалалық полиция басқармасы 1-бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция капитаны Рахат Сланбеков те бар.

Ұлттық Ұланның 5513 әскери бөлімінде қаралы қаңтар оқиғасында қаза тапқан Рахат Сланбековті еске алу шарасы өтті. Жиынға батырдың отбасы мен туған-туыстары қатысты. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, облыс әкімі Б.Сапарбаев ІІ дәрежелі «Айбын» орденін батырдың анасына табыс етті. Сонымен қатар марқұмның отбасына үш бөлмелі пәтер берілді. Б.Сапарбаев өз сөзінде Мемлекет басшысы ел тыныштығын күзету жолында, қаскөйлерге қарсы күресте опат болған батырларды түрлі мемлекеттік наградалармен марапаттап, марқұмдардың отбасыларына қажетті көмектер көрсетуді тапсырғанын атап өтті. «Бүлікшілердің қолынан қаза тапқан Рахаттың ерлігі мен өрлігі өзінің әріптестеріне, кейінгі жас ұрпаққа үлгі-өнеге. Ол қызметтік міндетін абыройлы, адал атқара отырып, өзінің нағыз патриот, елжанды ер азамат екенін дәлелдеп кетті. Елдің амандығы, бейбіт тұрғындардың тыныштығы жолында өзін құрбан етті. Рахат секілді батыр ұландардың есімін елі ешқашан ұмытпайды», деді облыс әкімі.
Ал Рахат Сланбековтің анасы Ұлбосын Жапарова Отан үшін опат болған ұлының ерлігі ескерусіз қалмай, мемлекеттік наградамен марапатталғанына ықыласын білдіріп, елдің амандығына тілектестігін жеткізді. Марқұмның артында жары мен бес баласы қалған.
Жамбыл облысы
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын жеңіп алды
Бокс • Бүгін, 09:42
Қарағанды облысында 41 мың адам жұмыспен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Елордада жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырылды
Елорда • Кеше
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Кеше
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Кеше
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Кеше
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Кеше
21 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
Белгілі этнограф, суретші Ералы Оспановтың кітаптарының тұсаукесері өтеді
Өнер • 20 Мамыр, 2022
Смайылов ТМД елдерін азық-түлік бағасымен күресте күш біріктіруге шақырды
Саясат • 20 Мамыр, 2022
Солтүстік Кореяда ковидке шалдыққандар саны 2 миллионнан асты
Әлем • 20 Мамыр, 2022
«Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына кепілді өтем төлеу мерзімі аяқталады
Экономика • 20 Мамыр, 2022
Алматыдағы 3 жолайрықтың құрылысы келесі жылы аяқталады
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
«Астрахань-Маңғыстау» су құбыры күрделі жөндеуді талап етеді
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
Маңғыстауда 10 мектептің директоры айыппұл төледі
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
«Ақ қауырсын» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
Ұқсас жаңалықтар