Қазақстан • 09 Сәуір, 2026

Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН беру уақытша тоқтатылады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2026 жылғы 9 сәуір күні сағат 09:00-де уәкілетті мемлекеттік органда техникалық ақау тіркелді. Осыған байланысты қазіргі уақытта ХҚКО-ларда және көші-қон қызметі орталықтарында «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ЖСН қалыптастыру» мемлекеттік қызметі уақытша қолжетімсіз болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН беру уақытша тоқтатылады

Фото: Ашық дереккөз

Сонымен қатар техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 2026 жылғы 10 сәуір сағат 09:00-ден 13 сәуір сағат 09:00-ге дейін «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру» қызметі де уақытша тоқтатылады.

«Тиісті техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін қызметтердің қайта іске қосылуы туралы қосымша ақпарат беріледі. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», делінген хабарламада.

ХҚКО-ларда кезек азайды: Қандай қызметтерді онлайн алуға болады?

Соңғы жаңалықтар

Алпамыстың ұрпағы әлжуаз...

Пікір • Бүгін, 11:25