«9 сәуірден бастап 10 күн бойы Т2 терминалының ұшу аймағында, паспорттық бақылау маңында төбедегі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жұмыстар күн сайын сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін жалғасады», делінген хабарламада.
Әуежай өкілдерінің айтуынша, жолаушылардың қозғалысына шектеу қойылмайды, алайда уақытша қолайсыздықтар туындауы мүмкін.
«Аталған жұмыстар – терминалдың жайлылығын арттыруға бағытталған жоспарлы шаралардың бөлігі. Жол жүруді жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруіңізді сұраймыз, себебі қарбалас сағаттарда кезектер пайда болуы мүмкін», делінген хабарламада.
Жолаушылар назарына: 15 сәуірден бастап елорда әуежайында рейстер кестесі уақытша өзгереді