Парламент • Бүгін, 15:59

Депутат теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салуды талап етті

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Иса Бас прокурор Берік Асыловқа, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевқа деструктивті діни ағымдарға тыйым салу жөнінде депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Депутат теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салуды талап етті

Қазыбек Иса осыдан үш жыл бұрын Парламентте діни теріс ағымдарға заңмен тыйым салу мәселесі көтерілгенін тілге тиек етіп, алайда содан бері нақты нәтиже байқалмағанына, керісінше қоғамда радикалды ағымдардың ықпалы күшейіп бара жатқанына алаңдаушылық білдірді. 

«Соңғы уақытта елді дүрліктірген бірнеше келеңсіз жайттар соның айғағы. Оның бірі – Наурыз мерекесіне қарсы жасалған арандатушылық әрекет болса, екіншісі – қоғамда үлкен резонанс тудырған атышулы имамның ісі.

Ақтөбеде сотталушылардың әйелдерінің бетін бүркемелеп сотқа келуі де қоғамда қызу талқыға түсті. Заңда қоғамдық орында бетті бүркеуге шектеу болса, неге бұл талап сот ғимаратында сақталмай отыр деген заңды сұрақ туындайды. Егер заңның талаптары осылай еленбесе, басқа жердегі жағдай қандай болмақ?», деді депутат.

Депутат қаңғыбас иттерден құтылудың жолын ұсынды

Депутаттың айтуынша, берік ұстанымның болмауы ұлттық тұтастыққа сызат түсіріп, елдің ішкі қауіпсіздігіне әсер етіп отыр. Өткен қасіреттерден сабақ алудың орнына, тек бақылап отыру жеткілікті ме? Қазірдің өзінде қауіптің алдын алу қажет екені анық.

«Ұлттық құндылықтарға қарсы кез келген әрекет – мемлекетке қарсы шабуыл. Әлеуметтік желілерде ұлттық мүддеге қарсы, тұтастықты бұзуға бағытталған пікірлер көбейіп отыр. Бұл – ұлттық ақпараттық қауіпсіздікке төнген қатер. Сондықтан мұндай әрекеттерге заңмен тосқауыл қою қажет. Қоғамда уағыз айтып жүргендердің кейбірі ұлтты біріктірудің орнына, керісінше, іріткі салуда. Олардың қызметіне нақты бақылау орнатып, діни басқарма тарапынан тиісті шешімдер қабылдануы тиіс», деді Қазыбек Иса.

Депутат Айтуар Қошмамбетов жалақыға түсетін салық жүктемесін азайтуды ұсынды

Депутат Батыс елдерінде діни құндылықтарды қорлағандарға заңмен жауапкершілік қарастырылғанын, ал бізде діни және ұлттық құндылықтарға құрметсіздік танытатын әрекеттерге нақты тосқауыл әлсіз екенін атап өтті. 

«Әр отбасыда түрлі діни көзқарастардың қайшылыққа әкелуі – қоғамдағы күрделі мәселенің көрінісі. Бұл бағытта жүйелі саясат пен нақты шешім қажет. Елімізде радикалды және дәстүрлі емес ағымдардың таралуы – ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер. Сондықтан мемлекет ең алдымен осы қауіптердің алдын алуға міндетті.

Радикалды ағымдарға заңмен тыйым салу – бостандықты шектеу емес, керісінше, қоғамды қорғау тетігі. Бұл – дінді емес, теріс бағыттағы ұйымдарды шектеуге бағытталған шара. Осы тұрғыдан алғанда, діни радикализмге қарсы күрес – кез келген құқықтық мемлекеттің қауіпсіздік стратегиясының ажырамас бөлігі. Бұл – қоғамға бағытталған соңғы ескерту іспетті дабыл. Қауіптің алдын алмасақ, салдары ауыр болуы мүмкін», деді ол.

Соңғы жаңалықтар