Аймақтар • 05 Маусым, 2022

Жамбыл облысында 112 жастағы әже дауыс берді

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жалпыхалықтық референдумға Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының жұртшылығы да белсенді атсалысуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында 112 жастағы әже дауыс берді

Бүгін аудан орталығы Аса ауылындағы №166 референдум учаскесінің сайлаушысы, 112 жастағы кейуана Күлбарам Сүгірова еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс берді. Көпті көрген қарт ана елдің амандығын, жұрттың тыныштығын тілейді.

Бүгінде 112 жасқа келген Күлбарам әже Жамбыл облысындағы ғана емес, еліміздегі ең қария ана. Қырғыз елінде туып-өскен ол Аса ауылына тұрмысқа шыққан. Бүгінде ғасырдан астам жасап отырған қария жастайынан қызылша алқабында жұмыс істеп, еңбек майданына араласқан. Бұл күнде бейнетінің зейнетін көруде. Әулеттің ақылшысы, ақ жаулықты ана ұрпақ тәрбиесіне де ерекше мән беріп келеді. Жолдасы екеуі екі қыз тәрбиелеп, бүгінде 8 немере мен 15 шөбереге жетіп отыр.