Бүгінде Мемлекет қолдауының нәтижесінде елімізде түрлі мемлекеттік бағдарламалар іске асып келеді. Оның ішінде ипотекалық бағдарламалар да бар. Нәтижесінде, көптеген тұрғын баспаналы болуда. Талай азаматтың күрделі мәселесі оң шешімін тауып, көпшілік қуанышқа кенелуде. Бірақ бұл ретте жастардың баспаналы болуына да түрлі талаптар қойылып келді.

Мәселен, мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік мекеме қызметкерлері алатын пәтерді өзге санаттағы жастардың алуы қиын еді. Жуырда Жамбыл облысында өңір жастары үшін бірегей бағдарлама іске қосылды. «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасы қолға алынып, жүздеген жастың баспана мәселесін шешу жоспарлануда. Аталған бағдарлама аясында енді аймақтағы жастарға жеңілдетілген баспана несиесі беріле бастайды. Осы орайда, басқа ипотекалық бағдарламаларда қамтылған санаттарға жатпайтын, бірақ төлем қабілеті бар жастарға басымдық беріліп отырғанын айта кеткен жөн. Қазіргі таңда түсіндіру жұмыстары басталып та кетті.
Қазіргі кезде қалада тұрақтап қалған жас көп. Бірақ бәрінің бірдей баспана алуға шамасы жете бермейді. Жамбылдық жастардың пәтер ауыртпалығын тартып жүргендері де аз емес. Осы орайда, өңірге жастарды мейлінше қолдайтын, олардың баспаналы болуына жағдай жасайтын бір мүмкіндік керек-ақ еді. Сол олқылықтың орны енді толып отыр. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожаның айтуынша, «Әулиеата жастары» облыста мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы. Кешенді жоспарды іске асыруға 5 жылға 1,3 миллиард теңге қарастырылған. Жоба облыс әкімдігі тарапынан да қолдау тапқан. Бірақ бұл мақсатқа тиісті қаражат қарастырылғанмен, аймақтағы кейбір атқамінерлер аталған мәселеде салғырттық танытып отыр екен. «Өткен жылы бағдарламаның тиімді іске асырылуын бақылау мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізілді. Мұндағы 94 тармақтың 80-і орындалса, қалғаны ұзақ мерзімге жоспарланған. Зерделеу нәтижесінде Тараз қаласы мен аудандарда бірнеше кемшілік анықталды. Аталған әкімдіктердегі салалық бөлімдер бұл тапсырманың мерзімінде орындалуына баса назар аудармаған және таныспаған», дейді Серікбол Берікқожа. Сондай-ақ басқарма басшысы Сарысу, Жамбыл, Жуалы, Т.Рысқұлов және Мойынқұм аудандарының әкімдері бағдарламаның аудан көлемінде іске асырылуын бақылауға алу қажет екенін айтты. Бұл ретте аудан жастарының да баспаналы болуына мүмкіндік мол.
«Әулиеата жастары» бағдарламасы бүгінгі таңда Мемлекет қолдауының нәтижесінде Жамбыл өңірінде жүзеге асып отырған жаңа жоба. Бағдарлама шеңберінде жергілікті жастарға жеңілдікпен несие беру қарастырылуда. Бұл жоба биылғы жылдың шілде айында іске аса бастайды деп жоспарлануда. Жоба өңір жастарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге және жас отбасыларды қолдау мақсатында дайындалған. «Бағдарламаны әзірлеуде облыстың ерекшеліктерін ескере отырып және Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында оң нәтиже берген пилоттық бағдарламалар негізге алынды. Бұған дейін облыста жастар мен жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған арнайы бағдарлама болмаған», дейді Серікбол Берікқожа. Мұнда түрлі жеңілдіктер де қарастырылған. Аталған жоба аясында пәтер алуға ниеттенген әрбір жас 19 жыл мерзімге 13 миллион теңгеге дейін ала алады. Әрбір пәтер алуға ниетті жас бес пайыздық жеңілдікпен баспана алуына болады.
Баспана алу жастар үшін басты мәселе. Бүгінде облыс бойынша тұрғын үй алуға 7 140 жас, ал жер телімін алуға 10 787 жас кезекте тұр екен. Өткен жылы 318 жас қана ипотекалық несие рәсімдеген. Ал бүгінгі «Әулиеата жастары» жобасы жамбылдық жастарға қолдау көрсетуде. Керісінше, бұл жобаға кезекте тұрған мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлер қатыса алмайды. Жамбылдық жастарға үміт сыйлап отырған бұл жарқын жоба мемлекеттің тағы бір маңызды мүмкіндігі екені анық.
Жамбыл облысы
Алматыдағы құрылыс базарында өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 14:37
Теннисші Дмитрий Попко Испанияда чемпион атанды
Теннис • Бүгін, 14:08
Вакцина салдырған қазақстандықтардың саны нақтыланды
Коронавирус • Бүгін, 13:22
Алматы маңында жер сілкінісі болды
Аймақтар • Бүгін, 12:57
Коронавирус жұқтырудың 188 жағдайы анықталды
Коронавирус • Бүгін, 12:20
Кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалаған блогер қамауға алынды
ANTIKOR • Бүгін, 11:10
Елордада ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 09:37
Президент қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:09
Қазақстан • Бүгін, 08:50
51,4 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Қоғам • Кеше
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» топ жарды
Футбол • Кеше
Елордада екі автобустың бағыты уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Ирандағы жер сілкінісінен бес адам көз жұмды
Әлем • Кеше
Алматыдағы Сайран көлі құрғатылады
Экология • Кеше
Алматыдағы «Алтын-Орда» базары маңында дәмхана өртенді
Аймақтар • Кеше
Бүгін Қазақстан әскери-әуе күштерінің құрылған күні
Қазақстан • Кеше
Мүлік иелері бірлестігіне көшудің механизмі түсіндірілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстан-Люксембург дипломатиялық қатынасына 30 жыл толды
Қазақстан • Кеше
Жетісу өңірінен шыққан қос тұлғаға ескерткіш орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Алматы әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 30 жыл
Қазақстан • Кеше
«Қазфосфат» кәсіпорында 2 жұмысшы мерт болды
Қоғам • Кеше
Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Кеше
Өткен тәулікте 187 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Бүгін ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды
Қазақстан • Кеше
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • 01 Шілде, 2022
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін бір мезетте орындады
Өнер • 01 Шілде, 2022
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • 01 Шілде, 2022
Ұқсас жаңалықтар