Аймақтар • Бүгін, 15:38

Алматы облысында туристік нысандардың 80%-ы шомылу маусымына дайын

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірде шомылу маусымына дайындық жұмыстарын күшейтуді тапсырды, деп жазады Egemen.kz.

Алматы облысында туристік нысандардың 80%-ы шомылу маусымына дайын

Фото: gov.kz

Марат Сұлтанғазиев жағажайдағы қауіпсіздік пен тәртіп, демалыс орындарының талаптарға сай болуы басты назарда болуы тиіс екенін айтты.

«Адам шығынының болмауын қатаң бақылауда ұстау керек. Көбіне адам өлімі рұқсат етілмеген аймақтарда болады. Сондықтан мұндай орындарды қадағалап, жер иелерімен де жүйелі жұмыс жүргізу қажет. Шомылуға рұқсат етілген аймақтар тексеріліп, қауіпсіздік белгілері мен ескерту тақтайшалары орнатылуы тиіс», деді Марат Сұлтанғазиев.

Қазақстан ТЖМ шомылу маусымында судағы қауіпсіздікті күшейтуде

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, шомылу маусымына орай су түбін тазалау, санитарлық жағдайды бақылау және инфрақұрылымды ретке келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бақылау камералары жұмыс істейді. Қазіргі таңда демалыс орындарының 80 пайызы шомылу маусымына дайын. Жергілікті атқарушы орган, облыстық прокуратура, Полиция департаментімен бірігіп кешенді тексеру жұмыстарын жалғастырады.

Соңғы жаңалықтар