Аймақтар •

Шығыс Қазақстанда 1155 гектарды шарпыған өрт толық сөндірілді

1 мин
оқу үшін

ШҚО-ның  Күршім ауданындағы Күршім орман шаруашылығы аумағында және оған іргелес ашық жерлерде шыққан өрт толық сөндірілгені мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстанда 1155 гектарды шарпыған өрт толық сөндірілді

Фото: Видеодан алынған кадр

Бір күн бұрын аталған орман өрті оқшауланғаны, оны сөндіруге ТЖМ, Экология және табиғи ресурстар министрлігі, орман шаруашылығы қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылғаны хабарланып, қол жетуі қиын аймақтарда тікұшақтар арқылы 41 мәрте су төгіліп, жалпы 123 тонна су пайдаланылғаны айтылған.

Семейде найзағай салдарынан төрт орманда өрт шықты

Аталған орман өрті толық сөндірілді.

«Нақтылау деректеріне сәйкес, өрттің жалпы аумағы орман қоры бойынша 45 гектарды, ал ашық аумақта 1155 гектарды құрады», делінген хабарламада.

Жұмылған үйлесімді әрекеттердің нәтижесінде оттың елді мекендерге таралуына жол берілмеді.

Еске салайық, 26 маусымда Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында 13 орман өрті тіркелді.

Соңғы жаңалықтар