Оқиға •

Үш күн ішінде полицияға 2400-ден астам жасөспірім жеткізілген

1 мин
оқу үшін

1-3 шілде аралығында бірқатар өңірде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Оған 3 мыңға жуық полиция қызметкері жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Үш күн ішінде полицияға 2400-ден астам жасөспірім жеткізілген

Фото: Gov.kz

Рейдтер Алматы, Шымкент қалаларында және Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Абай және Ұлытау облыстарында өтті.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, полиция органдарына 2400-ден астам кәмелетке толмаған жеткізілді. Оның ішінде 1500-ден астам жасөспірім әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, ал 1000-ға жуығы қараусыз және панасыз жүргені үшін жеткізілген.

Жалпы 4000-ға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Павлодарда жасөспірімдер зират күзетшісін 10 жерден пышақтап кетті

Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін 257 ата-ана жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, балаларының түнгі уақытта көшеде немесе ойын-сауық орындарында жүруіне жол бергені үшін 1500-ге жуық ата-анаға қатысты шара қолданылды.

ІІМ атап өткендей, аталған іс-шаралар өткен кезеңде бұл өңірлерде кәмелетке толмағандардың қатысуымен бірде-бір қылмыс тіркелмеген.

Бұған дейін Алматы облысында жасөспірімдер ер адамды соққыға жыққаны туралы хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар