Коронавирус • 16 Тамыз, 2021
Науқастарды дәрі сатып алуға мәжбүрлеген
Тараз қаласының дәрігерлері қауіпті індетпен ауырған науқастарды тегін берілетін дәрі-дәрмектерді сатып алуға мәжбүрлеген. Осындай қиын-қыстау кезеңде мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдауға қарамастан, дәрілерді сатып алуға мәжбүрлеген ақ халаттылардың бұл әрекетіне жұрт наразы. Облыс орталығында емделушілердің туыстары да осы мәселе бойынша шағымдануда.
Аймақтар • 16 Тамыз, 2021
Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының тұрғыны Ақерке Нұрышованың бүгінгі ізденісі көпке үлгі. Көпбалалы ана қазіргі кезде хош иісті және сәбилерге арналған табиғи таза сабынды үй жағдайында шығарып келеді. Ол өз кәсібін биыл ақпан айында бастапты.
Аймақтар • 13 Тамыз, 2021
Жамбыл облысында 18 компьютерлік томография аппараты жұмыс істейді
Жамбыл облысында бүгінде 18 томографиялық аппарат жұмыс істеп тұр. Жуырда ғана Қордай, Талас аудандарына бұрын болмаған аппараттар қойылды. Орта есеппен 1 аппарат тәулігіне 96 науқасты түсірсе, ал 14 аппарат 1344 адамды қарауға қауқарлы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Тамыз, 2021
Жамбыл облысында карантин талаптарын қасақана бұзу тыйылмай тұр
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Жамбыл облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бағлан Қыдырбаев брифинг өткізіп, қазіргі кезде өңірде 2259 науқастың ауруханаға жатқызылғанын, аймақта ауруханалардың төсек-орынмен қамтылуы 63 пайызды құрағанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2021
Көпір жағалаған көпшілік Қостөбе ауылы интернетке қашан қосылады?
Толғауы тоқсан тіршілікте түйіні тарқамаған мәселе әлі де көп. Әсіресе, ауылды жерлердегі ахуал жыл санап жақсарып келеді дегенімізбен, мұнда әлі де болса шешімін күткен дүниелер жетерлік. Ит арқасы қиянда дерліктей алыста болса бір сәрі, қаланың тап іргесінде тұрып өркениет көшіне ілесе алмай отырған ауылдар да бар.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2021
Ауыл тұрғындары көтерген бастама
Жылдағыға қарағанда, биыл көпшілік үшін шөп мәселесі өте қиын болып тұр. Біраз жерді жайлаған қуаңшылық, мал азығының тапшылығы сияқты күрделі мәселелер көптің алаңдатушылығын да тудыруда. Ежелден мал бағып, несібесін айырған қазақ үшін төрт түлікті баптау мен сақтау – игілікті іс. Дегенмен де күрделі мәселе сол күрмеулі күйінде қалмай, көпшіліктің кеңесуімен оң шешімін таба бастағандай. Жуырда Әулиеата өңірінен Сыр еліне қарай 33 тонна шөп жіберілді.
Коронавирус • 05 Тамыз, 2021
Қазіргі кезде елімізде коронавирус індетін жұқтырғандардың саны күн сайын артып келеді. Жаһанды жайлаған қауіпті індет Жамбыл өңіріне де оңай тиіп отырған жоқ. Аймақта коронавирустың күн сайын өсу дерегі тіркеліп, науқастар саны артуда. Өкінішке қарай, қауіпті індет салдарынан қайтыс болып кеткендер де бар.
Аймақтар • 30 Шілде, 2021
Құрылысқа құрғақ уәде жүрмейді
Қазіргі кезде Жамбыл өңірінде құрылыс қарқын алды десек те, аталған салаға қатысты бірнеше олқылық анықталып отыр. Аймақтағы аудандар мен ауылдарда салынып жатқан түрлі нысандардағы жөндеу мен құрылыс жұмыстарының орындалу барысы көңіл көншітпейді.
Қоғам • 29 Шілде, 2021
Бүгінде Жамбыл облысында «Асарлатып үй салу» жобасы жүзеге асуда. Осы уақытқа дейін қайырымды жандардың көмегімен өңірде жүздеген отбасы баспаналы болып, қоныстойын тойлады.
Қазақстан • 28 Шілде, 2021
QazVac Қырғызстанға жеткізілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз елінің Президенті Садыр Жапаровпен келіссөздерінің нәтижесі бойынша берген тапсырмасына орай, Қазақстан Үкіметі көрші Қырғыз еліне гуманитарлық көмек көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.