Аталған игілікті іс аймақтың белсенді азаматтарының ұсынысымен қолға алынған. Бұл шараға өңірдің аудандары да үлес қосып отыр. Т.Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылының тұрғындары мен еріктілері Арал қаласына үш вагон шөп жөнелтті. Ауыл тұрғындарының арнайы бастамасы мен қолдауы бұдан кейін де жалғасады.
Жалпы, бүгінде мал басын сақтап қалу маңызды болып отыр. Осы орайда аталған ауданның Ақыртөбе және Тереңөзек ауылының тұрғындары да Сыр еліне мал азығын жіберген болатын. Сол сияқты Тараз, Шу, Луговой және Жаңатас темір жол стансаларындағы вагондарға облысымыздың барлық ауданынан келген жоңышқа, пішен және табиғи шөп артылып, Сыр еліне жол тартты.
«Көп түкірсе – көл» дегендей, бірі үйіне жинап қойған жоңышқасын, бірі орып алып қойған шөбін де беруде. Тіпті қаржылай қолдау көрсеткен азаматтар да бар екен. Мәселен, Байзақ ауданы Ынтымақ ауылдық округіне қарасты «Бірлік» шаруа қожалығы да бұл іске өз үлестерін қосып, 300 бау жоңышқа жіберіпті. «Сын сағатта бірлігіміз сыналады, бірге болсақ – ынтымағымыз артады. Біздің мақсат – уақыт оздырмай, қуаңшылыққа тап болған ағайынға шөпті ертерек жеткізу», дейді «Бірлік» шаруа қожалығының жетекшісі Рүстем Ақылбеков.
Ал облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Аманов аймақта қажетті ірі сабақты мал азығы қорының жеткілікті екенін атап өтті.
«Бүгінгі таңда облысымызда мал азығын дайындау жұмыстары жалғасын табуда. Мал қыстату науқанын ойдағыдай өткізу үшін 1,7 млн тонна пішен дайындау жоспарланған. Бүгінде 1,5 млн тонна пішен, 58 мың тонна пішендеме дайындалды. Алда сүрлем дайындау науқаны тұр. Жалпы, облыста ірі сабақты мал азығының қоры қажетті мөлшерде жиналды. Енді, міне, өңір шаруаларының ұсынысымен қуаңшылықтан зардап шеккен Қызылорда облысының Арал қаласына, Сексеуіл кенті мен Қамыстыбас ауылдық округіндегі шаруаларға жемшөп жеткізіледі», дейді ол.
Биылғы аптап ыстық, ауа райының қолайсыздығы қарапайым халыққа оңай тиіп отырған жоқ. Десе де, қара жердің қойнауынан бұйырған ризықты әркім өзінің адал еңбегімен аршып алуда. Ал қолда барды жақынымен бөліскен қазақтың бұл қарапайым қағидасы көпшілікке үлгі болатыны анық. Жамбылдықтар алдағы уақытта да қызылордалық ағайынға қажетті көмек көрсетілетіндігін жеткізді.
Жылдағыға қарағанда, биыл көпшілік үшін шөп мәселесі өте қиын болып тұр. Біраз жерді жайлаған қуаңшылық, мал азығының тапшылығы сияқты күрделі мәселелер көптің алаңдатушылығын да тудыруда. Ежелден мал бағып, несібесін айырған қазақ үшін төрт түлікті баптау мен сақтау – игілікті іс. Дегенмен де күрделі мәселе сол күрмеулі күйінде қалмай, көпшіліктің кеңесуімен оң шешімін таба бастағандай. Жуырда Әулиеата өңірінен Сыр еліне қарай 33 тонна шөп жіберілді.
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Кеше