Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз елінің Президенті Садыр Жапаровпен келіссөздерінің нәтижесі бойынша берген тапсырмасына орай, Қазақстан Үкіметі көрші Қырғыз еліне гуманитарлық көмек көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Гвардейский қалашығынан QazVac вакцинасының 25000 дозасы көрші мемлекетке жіберілді. Қазақ елінің атынан ізгілік көмек ретінде бауырлас мемлекетке деп дайындалған отандық вакцина Қордай ауданында орналасқан Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ғимаратынан арнайы көлікке тиеліп, аудан орталығы Қордай ауылы арқылы Бішкек қаласына жөнелтілді. Сонымен қатар, Қазақстанның атынан Қырғыз еліне отандық вакцина жөнінде мағұмат беру үшін бірқатар ғалымдар мен мамандар да аттанды.
QazVac вакцинасы бұл күнде елімізде ғана емес, бірқатар мемлекеттерде де сұранысқа ие болып отырған отандық сапалы өнім. Жаһанды шарпыған коронавирус індетіне қарсы вакцина ең бірінші адам өмірін арашалап қалудың төте әрі тиімді жолы болып отыр. Бұл орайда, мамандар да отандық вакцинаның тиімділігі мен аталған институттың алдағы жоспарлары жөнінде әңгімеледі. «QazVac вакцинасы Білім және ғылыми министрлігі қаржыландырған ғылыми-техникалық бағдарлама аясында әзірленіп, өндірілген. Отандық вакцинаның әзірлену технологиясы біздің ғалымдардың аса қажырлылықпен еңбек етуі және озық ғылыми тәжірибелерін қолдану арқылы жүзеге асырылды. QazVac вакцинасы еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің сараптамасы мен бақылауынан толық өткен. Бүгінгі күні Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтынан СК-Фармация қоймаларына QazVac вакцинасының 300 мыңға жуық дозалары жөнелтілген. Коронавирустық инфекциядан жақын уақытта құтылуға және пандемиялық жағдайдан бұрынғы тұрмыс-тіршілік жағдайына тезірек қайтуға тек қана вакцина қолдану мен санитарлық-гигиеналық талаптарды толық сақтау арқылы ғана жетеміз», дейді Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья. Сонымен қатар, мемлекеттің қолдауымен салынып жатқан жоғары технологиялы зауыт қыркүйек айында QazVac вакцинасының өндірістік серияларын шығаратын болады. Сондай-ақ, отандық QazVac вакцинасын өндіру жұмыстары бүгінде Үкімет қадағалауында тұр екен.
Ал, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты бас директорының орынбасары Ерғали Әбдірайымов отандық вакцина сәуір айынан бастап қолданыста екенін, оның сапасының жоғары екенін айтты. «QazVac вакцинасы бүгінгі таңда жақсы көрсеткіштерге ие болып отыр. Аталған вакцина өте қысқа мерзімде біздің ғалымдардың ерлігінің арқасында жасалды. Вакцина бүгінде үш фазалық сынақтан өткен. Бірінші фазасында 44 адам, екінші фазасында 200 адам және үшінші фазасында 3000 адам өтті. Үшінші фазадағы сынақтар Алматы және Тараз қалаларында ұйымдастырылды. Отандық вакцинамыз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының да тізіміне еніп, өзге елдердің де сұранысына ие болуда», дейді ол. Бүгінде отандық вакцинаны дайындау барысында көптеген ғалымдардың еңбегін көруге болады. Әуелі адам өмірін құтқарып қалуды мақсат еткен мамандар күні-түні еңбек етуде. Бұл ретте Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты технологиялар және биопрепараттарды зерттеу зертханасының зертхана меңгерушісі Айнұр Нұрпейісова QazVac вакцинасы адамдарға сынақ жүргізбестен бұрын лабороториялық жануарларда клиникаға дейінгі сынақтан өткізілгенін жеткізді. Оның ішінде атжалмандар, ақ тышқандар, теңіз шошқасы және адамға ағзасы ұқсас маймылдар бар екен. Вакцинаның қауіпсіздігі дәлелденгеннен кейін ғана адамдарға салына бастаған. Бұл күнде Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтында 200-ден астам ғалымдар жұмыс істейді. Олар отандық өндірісті дамытуға үлес қосып келеді. Ғалымдар алдағы уақыттарда да өзге елдерге қажетті көмекті көрсетуге болатынын, ол үшін мемлекеттің қолдауы бар екенін де атап өтті.
Жамбыл облысы,
Қордай ауданы
«Жаңа Қазақстан – Екінші Республика»: Жастар жарқын өмірді қалайды
Қазақстан • Кеше
Теңіз жайлы болса, жануарлар неге тұншығады?
Экология • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Азық-түлік инфляциясы қашанғы құбыла береді?
Экономика • Кеше
Қайта оралған инвестордан қайыр бар ма?
Қаржы • Кеше
Экономика • Кеше
Лицензиясы қайтарылған банктерді тарату жүріп жатыр
Қаржы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Ассамблея жастары реформаны қолдайды
Референдум-2022 • Кеше
Конституциялық бақылау институты: Заң үстемдігінің кепілі
Референдум-2022 • Кеше
Күйзелген әйелдер демеу күтеді
Қоғам • Кеше
Әлеуметтік қорғау ма, әлде қорлау ма?
Қоғам • Кеше
Медицина • Кеше
Саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру жолдары
Қоғам • Кеше
«Бұл қазақта жігіттер бар шың тектес»
Қазақстан • Кеше
Ұлт ұстазына бөкейліктердің құрметі
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Елдің атын намысты ұландар шығарады
Спорт • Кеше
Кәсіпкерлер өзекті мәселелерді қозғады
Бизнес • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын
Қазақстан • Кеше
Қазақстандық таеквондошылар Францияда топ жарды
Спорт • Кеше
Елордадағы ҚТЖ ғимаратындағылар эвакуацияланды
Елорда • Кеше
Қарқаралы мектебіне заманауи биология кабинеті сыйға тартылды
Аймақтар • Кеше
Қытайда омикрон штамының жұқпалы түрі анықталды
Коронавирус • Кеше
Түркологтың телегей еңбегі ескерілді
Руханият • Кеше
12 аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Пикассо картинасы 67,5 млн долларға бағаланды
Өнер • Кеше
Саяси партия құру тәртібі жеңілдейді
Саясат • Кеше
Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндіктері кеңейеді
Қоғам • Кеше
Қазақстандық мамандар халықаралық дәрежедегі төреші атағын иеленді
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар