Ауа райы • 02 Сәуір, 2026

Қазақстанда ауа райы 5 градусқа дейін суытады

1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК мамандары 2026 жылдың сәуір айында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда ауа райы 5 градусқа дейін суытады

Синоптиктердің мәліметінше, көктемнің екінші айында елде ауа температурасы құбылмалы болады. 2026 жылдың сәуірі көктемге тән жылы ауа райымен басталады. Айдың алғашқы күндерінде күндіз ауа температурасы +15…+23°C-қа дейін көтеріледі, ал елдің оңтүстігінде +32°C-қа дейін жетіп, жазға ұқсас ыстық болады. Алайда бірінші онкүндіктің соңына қарай солтүстік-батыс өңірлерде суық қайта оралады: түнде ауа температурасы -5°C-қа дейін төмендеп, күндіз +5…+13°C шамасында болады. Орталықта, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ыстық бәсеңдеп, +15…+23°C деңгейінде сақталады. Шығыс өңірлерде алдымен күн жылып, кейіннен қайтадан салқындайды. 

Болжамға сәйкес, сәуірдің екінші жартысында республикада қайтадан жылы ауа райы орнығады. 

«Солтүстікте, орталықта және шығыста ауа температурасы +25°C-қа дейін жылынса, оңтүстік пен батыста +35°C-қа дейін көтеріледі. Дегенмен қысқа мерзімді суық толқындары болуы мүмкін», делінген «Қазгидромет» хабарламасында. 
Алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді

Синоптиктердің айтуынша, айдың басында батыс және солтүстік-батыс өңірлерде жиі жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр мен найзағай күтіледі. Басқа өңірлерде жауын-шашын айдың ортасы мен соңына қарай байқалады. 

 

Соңғы жаңалықтар

Басым міндеттер айқындалды

Саясат • Бүгін, 09:12

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:10

Робот өрт сөндіруші

Технология • Бүгін, 09:00

Музейге сыйланған мұрақ

Жәдігер • Бүгін, 08:57

Уақыттан озған дауыс

Тұлға • Бүгін, 08:55

«Киіз үйге» үңілген әлем

Қоғам • Бүгін, 08:52