Бағлан Қыдырбаевтың айтуынша аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қалалары мен аудандарында да байқалады.
«2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мониторингтік топтардың мүшелері заң бұзушылықтары бар 836 нысанды анықтады. Нысандардың барлық басшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, ескертулер берілді. Тексеру материалдары мен мониторингтік топтар санитарлық-эпидемиологиялық қызметке берген материалдар негізінде 83 миллион теңгеден астам сомаға 705 айыппұл салынды», деді Бағлан Қыдырбаев.
Бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысының 71 кәсіпкерлік нысандарында карантиндік шараларды қасақана бұзу фактілері анықталған. Тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 59 миллион теңгеден асатын айыппұл салумен 262 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Негізгі құқық бұзушы нысандардың сандық статистикасы бойынша, 64 қоғамдық тамақтану субъектілері яғни, мейрамханалар, кафелер, банкет залдары, кафе-барлар бар. Сондай-ақ 3 компьютерлік клуб, 2 сауда нысаны, 1 лото клубы және 1 балалар ойын-сауық орталығы да тізімде.