Хамит ЕСАМАН
Хамит ЕСАМАН«Egemen Qazaqstan»
1180 материал табылды

Коронавирус • 10 Қыркүйек, 2021

Вакциналау көрсеткіші көңіл көншітпейді

Коронавирус індетінен сақтану мақсатында вакцина салудың маңызы жиі айтылып келеді. Вакциналау көпшілік арасында ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға және қауіпті індеттің одан әрі таралуын шектеуге мүмкіндік береді. Өзінің және жақындарының денсаулығын ойлаған тұрғындар бұл күнде вакцина салдыруда.

Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2021

Қаратастықтар неге қапалы?

Жуалы ауданының орталығы Бауыржан Момышұлы ауылынан шамамен 20-25 шақырым жерде Күреңбел дейтін ауылдық округ бар. Аталған округтің құрамына Қаратас елді мекені кіреді.

Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2021

Көркем кешендегі келеңсіздік

2000 жылдан астам тарихы бар көне Тараз шаһарының соңғы жылдары сәулеттік келбеті артып, көркемдік кеңістігі кеңейіп келеді. Тараз дегенде, көпшіліктің көз алдына шығыстық үлгіде салынған ғимараттар, ықылым замандардан келе жатқан киелі орындар елестейтіні шын.

Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2021

Су мәселесі салғырттықты көтермейді

Жамбыл облысы суармалы су мәселесінде көрші Қырғыз Республикасынан келетін су көздеріне көбірек иек артып келеді. Яғни Қырғыз еліндегі «Киров» су қоймасына жиналған көлемді су қорынан Әулиеата өңірінің бірқатар аудандары мен ауылдарының егістік жерлеріне су бөлінеді.  

Коронавирус • 03 Қыркүйек, 2021

Тараздағы вакциналау орталықтары

Бүгінде Тараз қаласын­да коронавирус індеті­­нен қор­ғану мақсатында 14 ек­пе егу пункті жұмыс іс­тейді. Сондай-ақ осы уа­қытқа дейін көне шаһар тұр­ғындарының 61,1 пайы­зы қауіпті індетке қарсы вакцина алған.

Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2021

Жоғалғандарды іздеу жалғастырылып жатыр

Өткен аптада Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери қоймада болған жарылысқа байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шұғыл тапсырмасымен құрылған Үкіметтік комиссия өңірге келіп, оқиғаның зардаптарын жою мақсатында тиісті жұмыстар атқару үстінде. Бүгінде мұндағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағы тазартылып жатыр.

Коронавирус • 30 Тамыз, 2021

Вакцина салу жұмысын жандандыру қажет

Коронавирус індетінің алдын алу мақсатында бүгінде Жамбыл облысында тұрғындарға вакцина салу жұмысын жандандыру күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі болып отыр. Өңір тұрғындары да қауіпті індеттен қорғану үшін вакцина алуда. Осы уақытқа дейін 300 мыңнан астам азамат вакцина алып үлгерген. Дегенмен аймақта жағдайды жақсарту, екпе егу қарқынын арттыру жұмыстары әлі де тиісті деңгейде орындалмай келеді. Облыс әкімі тарапынан өңірдегі тиісті басшыларға нақты тапсырмалар берілгенімен, оның нәтижесі ойдағыдай емес.

Аймақтар • 30 Тамыз, 2021

Үкіметтік комиссия – апат орнында

Бейсенбі күні кешке Жамбыл облысында болған жарылыс жергілікті жұртшылық үшін төбесінен жай түскендей болғаны рас. Еліміздің Қорғаныс министрлігінің Байзақ ауданы, Қайнар ауылында орналасқан 28349 әскери бөлімінің оқ-дәрі қоймасы жанды. Аталған ауылда 250 тұрғын бар. Жарылыс болған сәтте-ақ жергілікті тұрғындар эвакуацияланды.

Аймақтар • 29 Тамыз, 2021

Байзақ ауданының тұрғындары үйлеріне оралуда

Өрт салдарын жоюға қатысты бірлескен іс-қимылдар үйлестірілген. Барлық жұмыстар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының инженерлік әскерлері оқ-дәрілер қоймасының аумағын тазартуда. Әскери саперлер теміржол учаскесі мен жақын маңдағы елдімекендерге инженерлік барлау және тазалау жұмыстарын жүргізген.

Аймақтар • 27 Тамыз, 2021

Жамбыл жеріндегі жағдай толық бақылауда

Кеше, яғни 26 тамыз күні Жамбыл облысының Байзақ ауданы, Қайнар ауылында орналасқан еліміздің Қорғаныс министрлігінің # 28349 әскери бөлімінің оқ-дәрі қоймасы өртенген болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.