Бұдан соң Үкіметтік комиссия мүшелері әскери нысанда болған төтенше жағдайға байланысты құрылған жедел штабтың кезекті отырысын өткізді. Басқосу барысында залал шығындарын есептеу және өрт пен жарылыс салдарын жою, зақымдалған инфрақұрылымды қалпына келтіру, сондай-ақ, зардап шеккендерге әлеуметтік қолдау, медициналық көмек шараларын көрсету бойынша мәселелер қаралды.
Бірінші кезекте тұрғын үйлер, кәсіпкерлік және инфрақұрылымдық нысандар қалпына келтіріледі. Оқиғаның себебі жедел-тергеу тобымен анықталады. Бұл ретте облыс әкімі тұрғындар үшін алаңдауға негіз жоқ екенін жеткізді. Облыс әкімі оқиғаның зардаптарын жою, қалпына келтіру жұмыстары бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеп, бұл орайда барлық құрылымдардың үйлесімді әрекетінің маңыздылығын баса айтты.
Жамбыл облысы