Коронавирус • 03 Қыркүйек, 2021

Тараздағы вакциналау орталықтары

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде Тараз қаласын­да коронавирус індеті­­нен қор­ғану мақсатында 14 ек­пе егу пункті жұмыс іс­тейді. Сондай-ақ осы уа­қытқа дейін көне шаһар тұр­ғындарының 61,1 пайы­зы қауіпті індетке қарсы вакцина алған.

Тараздағы вакциналау орталықтары

Ал ұжымдық иммунитет қана қауіпті індетпен күресу­де көмектесетінін ескерсек, қазір­гі кезде вакцина алу аса маңыз­ды болып отыр. Бұл үшін об­лыс орталығындағы барлық ем­ханада тегін вакциналау ұйым­дастырылуда. Алдағы уақытта да қала тұрғындарына аталған мәселе бойынша түсіндіру жұ­мыстары жалғасатын болады.

Осы орайда, Тараз қаласында этномәдени бірлестіктердің басшылары қала тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында карантин талаптарын қатаң сақтау мен вакцина қабылдаудың адам өмірі үшін маңыздылығы туралы әңгіме өрбіді. Ақпараттық түсін­діру жұмыстары барысында орыс, дүнген, украин, өзбек, ұйғыр және тәжік этномәдени бірлестіктерінің өңірдегі жетекшілері де вакцина алудың адам мен қоғам үшін маңыздылығына тоқталды.

Түсіндіру жұмыстарының соңында «Тараз қаласының өзбек ор­талығы» қоғамдық бірлесті­гінің басшысы Абдурахман Зайнутдинов және өзбек диас­порасының өкілдері вакцина алды. «Бүгінде екпені қаладағы кез келген емханада алуға болады. Сондай-ақ қала бойынша ірі вакциналау орталықтары да ашылған. Біздің екпені еш кедергісіз алуымызға барлық жағдай жасалуда. Сондықтан осындай мүмкіндікті кеңінен пайдалануымыз керек», дейді ол.

 

Жамбыл облысы