• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
17 Мамыр, 2016

Сапарда – «Саламатты Қазақстан»

243 рет
көрсетілді

Қарағанды стансасынан «Саламатты Қазақстан» пойызы өзінің алғашқы рейсіне – еліміздің солтүстік өңіріндегі теміржол стансаларының тұрғындарына медициналық көмек көрсету үшін сапарға аттанды. Бұл игі шара «Самұрық- Қазына» АҚ компаниялар тобы мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтiк жобалар дамыту қоры қолдауымен іске асырылған. Жалпы, медициналық пойыздар мамырдан бастап тамыз айына дейінгі аралықта еліміздің алыстағы аудан, шалғайдағы ауыл­дарында болып, болат жолдың бойындағы тұрғындарға тегін медициналық қызметтер көрсетеді. Ауыл халқы бұл акция барысында 18 дәрігерлік мамандықтар бойынша диагностикалық тексерістен өтеді. Пойыз заманауи диа­г­нос­ти­ка­­лық және емдеу жаб­дық­­­­тары, шағын-операциялық бөлме, ғаламтор мен телекоммуни­кация құралдарына қосылған зерт­ханамен жаб­дықталған. Меди­цина­лық бригада құрамында жоғары білікті дәрігерлер, терапевт, педиатр, көз дәрігері, құлақ-мұрын, көмекей ауруларының маманы, гинеко­лог, хирург, уролог, маммолог, тiс дәрiгерi бар. «Медицина пойызы» жобасы аясында еліміздің әр қиырына «Саламатты Қазақстан», «Жәрдем» және «Денсаулық» деп аталған пойыздар аттанады. Мысалы, «Саламатты Қазақстан» пойызы 2016 жылдың 10 мамырынан 11 шілдеге дейін солтүстік өңірді араласа, батыс өңірінде «Жәрдем» пойызы 23 мамырдан 25 шілдеге дейін болады. Ал оңтүстік аймақта «Денсаулық» пойызы 10 маусымнан 11 тамызға дейін тұрғындарға медициналық қызмет көрсетпек. Айта кететін жайт, бұл жоба 2010 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Акция аясында 2010 жылдан 2015 жылға дейiн медициналық пойыз 900-ден астам стансаларды қамтып, 280 мыңнан астам адамға медициналық білікті көмек көрсетті. Жалпы алғанда, теміржолдың бойында тұратын, үлкен қалаларға барып дәрігерге көрінуге уақыты мен қалтасы көтере бермейтін халайық бұл жобаға дән риза. Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан» ҚАРАҒАНДЫ