• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бюджет Бүгін, 12:49

40 жыл еңбек өтілі бар азаматтар зейнетке ерте шыға ма?

30 рет
көрсетілді

Қазақстанда 40 жыл еңбек өтілі болған жағдайда азаматтарға зейнетке шығу құқығын беру туралы ұсыныс қарастырылып жатыр. Бұл туралы Үкіметтегі брифинг барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, аталған бастама Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан зерделеніп, тиісті ведомстволар мен сарапшылардың қарауына жіберілген.

Зейнетақы жинағын алу тәртібі өзгереді

«Жалпы жұмыс тобы аясында бірнеше ұсыныс қаралады. Біріншісі – «4+1» моделі, бұл БЖЗҚ-ның ұсынысы. Сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының зейнетақы сақтандыру жүйесі бойынша ұсынысы және сенатор ұсынған нұсқа бар», деді Арқарбек Ертаев.

Зейнетақы жинағы артып келеді

Министрдің мәліметінше, жұмыс тобының отырыстары мамыр айында басталып, ай соңына дейін жалғасады. Талқылау нәтижесінде тиісті шешімдер қабылдануы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар