Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде елордадағы «Хайвилл» тұрғын үй кешенінде екі шетел азаматы қару-жарақ арсеналымен ұсталды деген ақпарат тарады. Алайда Астана қалалық Полиция департаменті бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Назарбаев Университеті маңындағы тұрғын үй кешенінде түнде жүргізілген операция барысында шетелдіктерден мылтықтар мен тапаншалар табылғанын жазған болатын.
Полиция департаментінің мәліметінше, тұрғын үйге белгісіз жәшіктердің кіргізілуіне байланысты тұрғындардан хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары тексеру жұмыстарын жүргізді.
Тексеру нәтижесінде жәшіктердің ішінен табылған заттардың жауынгерлік қару емес екені анықталды.
«Тексеру барысында жәшіктің ішінде тарихи және мәдени құндылығы бар антикварлық қару-жарақ заттары болғаны анықталды. Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, олар заманауи жауынгерлік қару санатына жатпайды. Тұрғындарға ешқандай қауіп төнген жоқ. Сонымен қатар аталған факті бойынша қолданыстағы заңнама аясында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Полиция нұсқауын орындаған жүргізушіге 21 мың теңге айыппұл салынды
Тәртіп сақшылары азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған мәлімет таратпауға шақырады.