• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
17 Мамыр, 2016

Өзара іс-қимылдар өрістей түспек

290 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кеңес мүшелері Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттерінің 2016-2017 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарларына қолдау білдірді. Өзара іс-қимылдар бағытын жүзеге асыру макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін, экономикалық өсімді және әріптес елдердің одан әрі дамуын қалпына келтіру үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ, ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттердің уәкілетті органдарының уақытша санитарлық, ветеринарлық-санитарлық және карантинді фитосанитарлық шараларды енгізудегі өзара іс-қимылдарының тәртібі де қаралды. Медициналық бұйымдардың ортақ рыногын қалыптастыру шеңберінде Медициналық бұйымдарға зерттеу жүргізу ережелері мен Өмірге және (немесе) адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтату немесе тыйым салу бойынша қолдану шараларының тәртібі талқыланды. Өндірістің, медициналық бұйымдарды тіркеудің бірегей ережелерімен ортақ рынок құру ЕАЭО елдерінде медициналық бұйымдарды өзара жеткізудегі басы артық кедергілерді жоюға бағытталған.