• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
17 Мамыр, 2016

Павлодарда «Махамбет оқуларына» 50 оқушы қатысты

297 рет
көрсетілді

ПАВЛОДАР. 17 мамыр. Облыстық білім беру басқармасы, «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға облыстағы жалпы орта білім беру және мамандандырылған мектептерінің 5-11 сынып оқушылары қатысты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлайды. Қазақтың батыр ұлы Махамбет Өтемісұлының шығармаларын жатқа оқу бойынша Болатхан Серікбол, Мәди Әйтім, Жүнісхан Айтолған, Омарбекқызы Мейрамгүл, Бейсенби Алтынбек, Шайкенова Ақмаралдар үздік атанды. Байқаудың екінші бөлімінде «Ұлы арман»-Махамбет күйлерін орындаушылар арасында Омар Назира, Қызыр Нұрғиса, Айдарғазин Ильяс, Арман Серік, Таня Михайлова, Фаиз Назмутдиновтер орындаушылық шеберліктері үшін марапаттарға ие болды. Оқушыларын «Махамбет оқуларын» секілді патриоттық тәлім тәрбие, ұлттық тілді сақтау, елдік мүдде, елімізде қабылданған «Мәңгілік ел» бағдарламасы бағытында рухани бай білім беріп жүрген Төлеу Қаукер, Талап Апушев, Жетпіс Анарбектерге білім басқармасы тарапынан «Алғыс хат» жолданды. Фарида Бықай. Дерек, фото: egemen.kz.