• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 11:44

Банк шотыңыз бұғатталса не істеу керек?

30 рет
көрсетілді

Банк шотының бұғатталуы – кез келген клиент тап болуы мүмкін жағдай. Мұндай кезде сабыр сақтап, нақты себепті анықтап, тиісті әрекеттерді дер кезінде жасау маңызды, деп жазады Egemen.kz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, шотты бұғаттаудың бірнеше ықтимал себебі бар. Атап айтқанда, алаяқтық немесе күмәнді операцияларға байланысты шектеу қойылуы мүмкін. Мысалы, ірі көлемдегі немесе жиі жасалатын аударымдар, әсіресе шетелден түсетін қаражат. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың (салық қызметі, сот орындаушылары, қаржылық мониторинг органдары) сұрауы негізінде бұғаттау енгізілуі ықтимал.

Бұдан бөлек, банк жүйесіндегі техникалық ақаулар, қате ПИН-код енгізу немесе картаның жарамдылық мерзімінің аяқталуы да шотқа қолжетімділіктің шектелуіне әкелуі мүмкін.

Агенттік мұндай жағдайда ең алдымен қандай қадам жасау керектігін еске салады. Егер шот бұғатталғаны анықталса, алдымен банктің мобильдік қосымшасындағы хабарламаларды тексеру қажет – көбіне себеп сол жерде көрсетіледі. Одан кейін банкпен колл-орталық арқылы байланысып немесе бөлімшеге барып, толық ақпарат алу ұсынылады.

Ағымдағы шот қаржысына пайыз есептеу: Банктер мұндай қадамға бара ма?

Сондай-ақ eGov.kz порталы немесе салық төлеушінің кабинеті арқылы берешектің бар-жоғын тексерген жөн. Қажет болған жағдайда қаражаттың шығу көзін растайтын құжаттарды ұсыну талап етіледі.

Агенттік бұғаттау тәуекелін азайту үшін бірнеше қарапайым қағиданы сақтауға кеңес береді. Атап айтқанда, жеке шотты кәсіпкерлік мақсатта пайдаланбау, ірі немесе күмәнді операциялар туралы банкке алдын ала хабарлау, сондай-ақ дербес деректердің өзектілігін және құжаттардың жарамдылық мерзімін бақылау қажет. Сонымен бірге берешектерді тұрақты тексеріп, уақытылы өтеу маңызды.

Шоттың да сұрауы бар

Соңғы жаңалықтар