• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
17 Мамыр, 2016

Солтүстік Қазақстанда этнос жастарының республикалық форумы өтті

221 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 17 мамыр. Солтүстік Қазақстан облыстық тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы «Тіл – татулық тірегі» атты этнос жастарының республикалық форумы өтті. Бұл туралы облыстық тілдерді дамыту басқармасына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Биылғы ауқымды шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, мемлекеттік тілді меңгерген этнос жастарына қолдау көрсету мақсатын діттеді. Кең-байтақ еліміздің әр қиырынан келген делегаттардың басын біріктірген алқалы жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының, Мәдениет және спорт министрлігінің, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері, студенттер, мемлекеттік тілді меңгерген этнос жастары қатысты. Жиында облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова аймақ басшысының құттықтауын жеткізді. Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз хатшысы Құрманбек Қазанбасов, ақмолалық Равиль Абулханов, астаналық Сергей Агеев, Қарағандыдан келген Нигара Пайзиева, Орал өңірінен Венера Суровцева, солтүстікқазақстандық Светлана Магуянова, тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің басқарма басшысы Толқын Исақова, тағы басқаларының сөздері тілі бір елдің бірлігі де бекем болмақ деген ой-пікірлермен үндесіп жатты. Форум делегаттары үндеу қабылдап, еліміздің жастарын игі істердің ұйытқысы болуға, тілдердің үштұғырлығы саясатын қолдауға шақырды. Өмір Есқали. Дерек, фото: Солтүстік Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының баспасөз қызметі.