• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2016

Алматы облысында 70-тен астам өзбек гастарбайтері ұсталды

376 рет
көрсетілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. 21 мамыр. Алматы облысы, Панфилов аудандық прокуратурасы қызметкерлері полицейлермен бірге өткізген рейд барысында Жаркент қаласының салынып отырған нысандардың бірінде заңсыз еңбек етіп жүрген өзбекстандық 73 азаматты тапты. Бұл туралы облыстық прокуратура баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Панфилов аудандық прокуроры Айдын Төребековтің айтуына қарағанда, шетелдіктердің құжаттарын тексеру кезінде олардың Қазақстан Республикасында еңбек қызметін заңсыз түрде жүзеге асырғандары, яғни жұмысқа орналасу рұқсатын алусыз орналасқандары белгілі болған. «Тексеру қорытындылары бойынша біз Панфилов аудандық ішкі істер бөлімі бастығының атына заңдылықтың бұзылуын жою жөнінде ұсыныс енгіздік. Кінәлі тұлғаларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, сот қарауына жіберілді», - деп атап өтті прокурор. Осының нәтижесінде жоғарыда аталған тәртіп бұзушылықтарды жіберген азаматтар анықталды. Олар айыпты деп танылып, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 517-бабы, 5-бөлімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нұрбол Әлдібаев. Дерек: Алматы облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.