• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Мамыр, 2016

Жаңа құрылым іске кірісті

273 рет
көрсетілді

Кеше Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық корпусы алқасының бірінші отырысы өтті. Басқосуды Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орын­басары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов ашып, күн тәртібінде қаралатын мәселелерді атап өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары, Парламент Мәжілісінің депу­тат­тары, Мәжілістің IV және V шақы­рылымдарының депу­тат­­тары, ҚХА мүшелері, қоғам қай­рат­керлері, орталық мемле­кеттік органдар­дың өкілдері қатысқан отырыс бары­сында ҚХА депутаттық кор­пусының алқа құрамы бекітіліп, оның төрағасы мен орынбасарлары сайланды. Нақтылай айтқанда, ҚХА депу­таттық корпусы алқасының төрағасы болып IV, V шақырылым депутаты Егор Каппель бекітіл­ді. Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов пен Надежда Нес­терова (V шақырылым депутаты) алқа төрағасының орынбасарлары болып сайланды. Ал алқа мүшелігіне Парламент Мәжілісінің IV, V және VІ шақыры­лымдарының депутаттары енді. Олар: Жұматай Әлиев, Мұрат Ахмадиев, Владимир Божко, Валерий Вишниченко, Наталья Жұмаділдаева, Роман Ким, Ахмет Мұрадов, Шаймардан Нұрымов, Леонид Питаленко, Зухра Саяпова, Юрий Тимощенко, Розақұл Халмұрадов, Шахир Хахазов және Людмила Хочиева. Өз кезегінде алқа төрағасы Егор Каппель өзіне сенім білдірген әріптестеріне алғысын айта келіп, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларынан туындайтын ауқымды міндеттер жөнінде сөз қозғады әрі Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы рөліне тоқталып өтті. ҚХА депутаттық корпусы алқа­сы төрағасының орынбасары Сауытбек Абдрахманов еліміздің бірлігі мен татулығы басты бай­лығы­мыз екенін айта келіп, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық пат­риот­­тық идеясының мән-маңы­зын айрықша атап өтті. Алқа жұмысының негізгі бағыт­тары, Парламент Мәжілі­сін­дегі ҚХА депутаттық тобы­­мен бірлескен қызмет перспек­тива­лары, сондай-ақ, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамыту тұжырымдамасын іске асырып, «Мәңгілік Ел» жалпы­ұлттық патриоттық идеясын іл­гері­лету барысы кеңінен талқы­лан­ған бұл отырыста Білім және ғы­лым вице-министрі Тахир Балықбаев қазіргі таңда аталған сала­да атқарылып жатқан шаралар жөнінде хабарлама жасады. Х­абар­­ла­мадан кейін жиынға қаты­­су­­шылар тарапынан вице-ми­нистр­­ге үш тілді оқыту жүйесі және «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқытылуы жөнінде бірқатар сұрақтар қойылды. Сауалдарға жауап берген Т.Балықбаев аталған мәселелердің алдағы уақытта әлі де талқыланатынын жеткізді. Оның айтуынша, бүгінде үш тілді оқыту жүйесі бойынша нақты тұжы­рым­дама бар. Ал Е.Тоғжанов осы сауал­дарға қатысты өз ойын айта келіп, мәселені жете зерттеп, пысық­тай түсу қажеттігіне назар аударды. Жалпы, ҚХА депутаттық кор­пусы алқасының алқашқы оты­ры­сында еліміз үшін өте өзекті мәселелер қозғалды. Бұл жаңадан жұмысын бастаған алқаның алдағы уақыттарда мемлекетімізге, қоға­мымызға пайдалы, маңызды жоба­ларды жүзеге асыруға барын­ша атса­лысатынын көрсетсе керек. Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»