• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
31 Мамыр, 2016

Ресейде ерлі-зайыптылар аюды балаша асырап отыр (фото)

415 рет
көрсетілді

АСТАНА. 31 мамыр. Британия БАҚ-тарының жазуынша, Ресейде аюды балаша асырап отырған отбасы бар екен. Бұл туралы Daily Mail  газетінің ақпарына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Салмағы 140 кило келетін Степан есімді 23 жастағы аюды ерлі-зайыпты Светлана және Юрий Пантелеенко үш айлығынан бері асырап келеді. Степанның қазір осы семьяның бір мүшесі сияқты болып кеткені соншалық, ол күнде кешке ерлі-зайыпты екеудің жанында отырып, олармен бірге диванда телевизор қарайды. Басылымның хабарлауынша, бір қызығы, аю күндіз есіктің алдындағы бақшада жұмыс жасайды. Ол көбіне-көп өсімдіктерді суарумен айналысады. Тәттіні жақсы көретін аю қалбырдағы ұйытылған тәтті қоймалжыңға құмар. Сондай-ақ түскі асқа 25 кг балық, көкөніс пен жұмыртқа жеп тұрады. Пантелеевтердің айтуларына қарағанда, олардың «балапандары» футболдың нағыз фанаты көрінеді. Ол телевизордан футбол көргенді қатты ұнатады. Осы кезге дейін аю оларды бір рет те тістеп көрмепті. Мұның орнына ол бұларды құшақтағанды жақсы көреді. Талғат Райымбек. Дерек, фото: Daily Mail.